Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімін сайлауды
2023 жылғы 5 қарашаға тағайындау туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес және Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 8С-4-2 «Ақмола облысының пилоттық өңірлерінің тізбесін және аудан әкімдерінің сайлау күнін белгілеу туралы» шешімі негізінде Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі "Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімін сайлауды тағайындау туралы" №26/321 қаулысымен 2023 жылдың 5 қарашасына Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімін сайлау тағайындалғанын хабарлаймыз.
Бұдан басқа, Ақкөл ауданының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылды (https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-akkol/documents/details/520049?lang=kk).
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы