Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімін
сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағы
2) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес және Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 8С-4-2
«Ақмола облысының пилоттық өңірлерінің тізбесін және аудан әкімдерінің сайлау күнін белгілеу туралы» шешімі негізінде Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімін сайлау 2023 жылғы
5 қарашаға тағайындалсын.
2. 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Ақмола облысы
Ақкөл ауданының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында, аудандық «Ақкөл арайы» газетінде жариялансын және Ақкөл ауданы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға
А. Долгов
Хатшы
Д. Жетпісова
Ақкөл қаласы,
15 қыркүйек 2023 жыл,
№26/321