Ақкөл қаласы әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ақпарат
2023 жылғы 23 шілдеде сағат 18-00-де Ақкөл қаласы әкіміне тіркеу аяқталды. Барлығы 4 кандидат тіркелді.
Ақмола облысы Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының әкіміне кандидат болып, келесі кандидаттар тіркелді:
- Биданов Ерден Кенжебайұлы, 1987 жылы туған, Ақкөл ауданы әкімінің аппаратында Ақкөл ауданы әкімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы, Ақкөл қаласында тұрады.
- Бимолдин Қайыркелді Бержанұлы, 1976 жылы туған, «Нұрзаман» ЖШС директоры, Астана қаласында тұрады.
- Дүйсембаева Роза Сейсембайқызы, 1964 жылы туған, «Ақкөл аудандық кәсіпкерлі және өнеркәсіп бөлімі» ММ басшысы, Ақкөл қаласында тұрады.
- Теміржанов Шыңғыс Рашитұлы, 1990 жылы туған, «Ақкөл қаласының балалар және жасөспірімдер орталығы» МКҚК директоры, Ақкөл қаласында тұрады.
Ақкөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы