Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

 

Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

2023 жылы 13 тамызда Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы  әкімінің сайлауы  бір округ бойынша өтті.

Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Ақкөл ауданы  Ақкөл қаласының әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде  сайлау нәтижелерін анықтады:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 11144 сайлаушы енгізілді, оның 1356-ы дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны - 63, «Бәріне қарсымын» деген жол белгіленген бюллетеньдер саны - 91.

Әр кандидатқа берілген дауыстар:

Биданов Е.К. - 166; Бимолдин Қ.Б. - 364;  Теміржанов Ш.Р. - 672.  

Ақкөл қаласының әкімі болып Ақкөл қаласында тұратын, «Ақкөл қаласының балалар және жасөспірімдер орталығы» МКҚК директоры, 1990 жылы  туған, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Шыңғыс Рашитұлы Теміржанов сайланды.

 

  

Ақкөл аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
14 августа 2023