Ақкөл қаласының әкіміне кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Коституциялық Заңының 113-6-бабына және ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 19 қыркүйектегі №16/209 қаулысының 2 тарауының 8, 9, 10 баптарына сәйкес, Ақкөл қаласы әкіміне кандидат Роза Сейсембайқызы Дүйсембаеваның жазбаша өтінішін қарап, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 24/314 Ақкөл қаласы әкіміне кандидат Роза Сейсембайқызы Дүйсембаеваны тіркеу туралы шешімі жойылсын.
2. Ақкөл қаласының сайлау округінің учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары сайлау бюллетеньдеріне өзгеріс енгізсін
Ақкөл аумақтық сайлау комиссиясы