Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы «Халықпен кездесулер өткізу туралы» №826 Жарлығын және бекітілген кестені іске асыру мақсатында 2023 жылғы 2023 жылғы 23 ақпаннан 10 наурызға дейін аралығында ауданда 36 кездесу өткізілді, оның ішінде 9 аудан әкімінің қатысуымен, 27 ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен.
2023 жылғы 3 ақпанда аудандық «Ақкөл Арайы» газетінде және аудан әкімдігінің сайтында кездесулер өткізу кестесі жарияланды.
Facebook, instagram әлеуметтік парақшаларында кездесулер өткізу уақыты туралы анонс алдын ала жарияланды.
Халықпен кездесулер өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.
Кездесулерге барлығы 838 адам қатысты. 38 адам сөз сөйледі, 19 ұсыныс түсті.
Барлық 19 ұсыныстың әлеуметтік сипаты болды, экономикалық және саяси сипаттағы ұсыныстар түскен жоқ.
Аудан тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелер электрлендіру, газдандыру және телефондандыру мәселелері – 7 (36,9%), білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын жөндеу және салу бойынша – 1 (5,2%), жолдарды жөндеу және салу бойынша – 7 (36,9%), жер қатынастары бойынша - 2 (10,5%), және басқа мәселелер бойынша – 2 (10,5 %).
Кездесу қорытындысы бойынша барлық 19 ұсыныс қаралып, 1 ұсыныс Ақкөл ауданы әкімінің кездесулері барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді.
Аудан әкімінің есептік кездесулері барысында халықтың айтқан ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы тоқсан сайын аудандық газеттерде және аудан әкімінің сайтында орналастырылатын болады.
Есеп беру кездесулерінде облыс, аудан, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің атына ешқандай сын айтылған жоқ.
Аудандағы кездесулер ұйымдасқан түрде, бекітілген кестеге сәйкес өткізілді.