«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес, 2023 жылғы 30 наурызда сағат 9.30-да Ақкөл қаласында жаңадан сайланған Ақкөл аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының бірінші сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына мынадай мәселелер қойылады: «Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары туралы аудандық сайлау комиссиясының есебі» және тағы басқалар.
Ақкөл аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А. Долгов