Хабарландыру

   Облыстық және аудандық мәслихаттарға депутаттар сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындауға байланысты "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес, «Ақкөл Арайы» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы  мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын ұсынады.

Жарияланымның сипаттамасы: түсу ретімен. Редакция үгіт материалдарын тарату құқығын "Сайлау – 2023" айдарымен (бірінші және соңғысынан басқа барлық беттер) өзіне қалдырады.

Мәтіндер уәкілетті өкілдің қолы мен мөрі бар баспа нұсқасында ұсынылуы және электрондық түрде (флэш-диск, диск, электрондық пошта) қайталануы тиіс.

Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру үшін 1 шаршы см газет алаңының құны 150 теңге көлемінде белгіленсін.

 

"Ақкөл Арайы" газетінің редакциясы

Дата публикации
13 февраля 2023