2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Ақкөл аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

           «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының      14-бабының 2), 8) тармақшаларына сәйкес, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Ақкөл аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                                 А. Долгов

 

 

Хатшы                                                                          Д. Жетпісова

 

 

№1/290

20.01.2023

Дата публикации
20 января 2023