Ақкөл аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және Ақкөл аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 32/2 «Ақкөл аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақкөл аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 11 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
- Ақкөл аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Ақкөл аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Ақкөл аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Ақкөл арайы» газетінде орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Комиссия төрағасы А.Долгов
Комиссия хатшысы Д.Жетпісова