Тұрғын үй көмегі туралы

Қағидалардың 1-тармағына сәйкес тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығындағы тұрғын үйде тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге беріледі.

Мәслихат шешімін қабылдау кезінде коммуналдық қызметтерді тұтыну шығыстарына жылумен жабдықтау, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй нормасына - бір адамға 18 шаршы метр немесе жалғыз тұратын азаматтар үшін - өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасына-30 шаршы метр су тұтыну, су бұру, қоқыс шығару, телекоммуникация қызметтері жатады.

Ауданда отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10% мөлшерінде шығындарды өтеу нормасы белгіленген.

Ұсынымдар мен бекітілген қағидаларға сәйкес, өтініш білдірген азаматтардың тұрғын үй көмегін есептеу үшін айына электр энергиясының шығыстар нормасы бір адамға 50 киловатт болып белгіленді.

2020 жылы жалпы сомасы 297,1 мың теңгеге 26 отбасына 40 адамға тұрғын үй көмегі тағайындалды; 2021 жылы жалпы сомасы 116,7 мың теңгеге 12 отбасына 12 адамға тұрғын үй көмегі тағайындалды. 2022 жылдың 1 жартыжылдығында 14 адамнан тұратын 7 отбасына жалпы сомасы 126,6 мың теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындалды.

Сұрақтар бойынша Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 92, тел. № 2-20-37 мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуға болады.

Дата публикации
25 августа 2022