Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы «Халықпен кездесулер өткізу туралы» № 826 Жарлығын және бекітілген кестені іске асыру мақсатында 2022 жылғы 3-15 тамыз аралығында ауданда 36 кездесу өткізілді, оның ішінде 9 аудан әкімінің қатысуымен, 27 ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен.
Аудандық «Ақкөл Арайы» газетінде 2022 жылдың 15 шілдесінде аудан әкімдігінің сайтында кездесулер өткізу кестесі жарияланды.
Facebook, instagram әлеуметтік парақшаларында кездесулер өткізу уақыты туралы анонс алдын ала жарияланды. Әрбір елді мекенде халықтың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинауға арналған арнайы жәшіктер, барлығы 37 жәшік орнатылды.
Халықпен кездесулер өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.
Кездесулерге барлығы 796 адам қатысты. 96 адам сөз сөйледі, 60 ұсыныс түсті.
Барлық 60 ұсыныстың әлеуметтік сипаты болды, экономикалық және саяси сипаттағы ұсыныстар түскен жоқ.
Аудан тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелер электрлендіру, газдандыру және телефондандыру мәселелері – 20 (33,3%), білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын жөндеу және салу бойынша – 2 (3,4%), жолдарды жөндеу және салу бойынша – 14 (23,3%), жер қатынастары бойынша - 7 (11,7%), санитарлық тазалау және экологиялық мәселелер бойынша - 3 (5 %) және басқа мәселелер бойынша – 14 (23,3 %).
Кездесу қорытындысы бойынша барлық 60 ұсыныс қаралып, 3 ұсыныс Ақкөл ауданы әкімінің кездесулері барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді.
Есеп беру кездесулерінде облыс, аудан, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің атына ешқандай сын айтылған жоқ.
Аудандағы кездесулер ұйымдасқан түрде, бекітілген кестеге сәйкес өткізілді.