2022 жылы 31 шілдеде Ақкөл ауданының Урюпин ауылдық округі әкімінің сайлауы бір округ бойынша өтті.
Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Ақкөл ауданының Урюпин ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау нәтижелерін анықтады:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1 140 азамат енгізілді, оның 998-і дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны - 25, «Бәріне қарсымын» деген жол белгіленген бюллетеньдер саны - 17.
Әр кандидатқа берілген дауыстар:
Боранбаев Ғ.Ж. - 900; Ганькевич И.М. - 27; Репина Д.С. - 29.
Урюпин ауылдық округінің әкімі болып Урюпин ауылдық округінің Урюпин ауылында тұратын, «Ақкөл ауданының Урюпин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, 1992 жылы туған Гизат Жанатұлы Боранбаев сайланды.
Ақкөл аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы