«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бап, 8-1 тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2022 жылғы 31 шілдеге Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылғы 31 шілдеге тағайындалған Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-сайтында және аудандық «Ақкөл Арайы» газетінде жариялансын. апапапапапапаапапа
Ақкөл қаласы
1 шілде 2022 жыл
№14/4