Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 6 тармақшасына, 21 бабының  4 тармағына, 22 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Урюпин ауылдық округінің шекарасында Урюпин сайлау округі құрылсын.  
  2. Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-сайтында және аудандық «Аққөл Арайы» газетінде аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін, құрамын және сайлау округінің шекараларын көрсете отырып  жариялансын.

 

 

 

Ақкөл қаласы

1 шілде 2022 жыл

№14/3

Дата публикации
01 июля 2022