2022 жылғы 17 маусымдағы жағдай бойынша аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің кездесулерінде 2022 жылғы 2 тоқсанда халық айтқан ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
(Ақкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № А -4/95 қаулысы)
|
№ р/с |
Іс-шаралар
|
Орындау мерзімі |
Ескерту |
|
1. |
Урюпин ауылындағы арықты тазалауға және тереңдетуге ақшалай қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру. |
2022 жылғы 1 маусымға дейін |
Тапсырма орындалды. Урюпин ауылындағы су өткізу каналын тазалауға аудандық бюджеттен 1,6 млн. теңге қаражат бөлінді. Конкурстық рәсімдер өткізілді, «Тамерлан» ЖК-мен шарт жасалды. Шартқа сәйкес орындау мерзімі 2022 жылғы 1 шілдеге дейін.
|
|
2. |
Новорыбин ауылы П.С. Стрельцов атындағы көшесіндегі көпірді жөндеуге ақшалай қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру |
2022 жылғы 1 маусымға дейін |
Тапсырма орындалды. Аудандық бюджеттен П.С. Стрельцов көшесіндегі Новорыбин ауылындағы су өткізу көпірін ағымдағы жөндеуге 5,0 млн. теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді. Конкурстық рәсімдер өткізілді, «Каптаев К. С.» ЖК-мен шарт жасалды. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде, шарттың орындалу мерзімі ағымдағы жылдың мамыр-тамыз айлары. |
Ақкөл ауданының әкімі Ю. Курушин