Сотты құрметтемеушілік жауапкершілікке әкеп соғады

Сотты құрметтемеудің көріністері сот жұмысында келеңсіз салдарды туғызып отырады. Адамның тағдырын таразылау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ал осы істі мемлекет атынан атқарып отырған судьяның біліміне парасаты сай болғаны абзал. Елдегі әділеттің айнасы, тура төрелік айтудың кепілі болған судьялар бұл жоғары міндетті атқару үшін үлкен сыннан өтеді.

Сондықтан, халық сенетін, әділдікті шешеді деп үміт артатын сотты құрметтеу – ел азаматтарының парызы.

Сот ғимаратының табалдырығын аттағаннан бас­тап бұл жауапкершілікті әрбір жан сезінуі керек. Тура би алаңында жалған сөйлеп, көрер көзге шындыққа жанаспайтын куәгерлік көрсету де сотты сыйламаудың бір түрі. Әсіресе, сот шешіміне өз сөзінің тікелей әсер ететінін біле тұра, шақыртуға себепсіз келмегендер сотты құрметтемей тұрғандарын түсінуі керек.

Шақырту қағаздары дер кезінде жеткізіліп, тіпті SMS хабарламалардың көмегімен жеделдік артқан мына заманда сот отырысының уақытында өтуіне кедергі жасау сотты ғана емес, Қазақстан Республикасының Заңын да сыйламау болып табылады. Сотқа шақыруға келмеген немесе одан жалтарған азаматтардың кесірінен сот процесінде дәлелдемелердің зерттелуі киындауы мүмкін, сонымен қатар орындау міндетіне кіретін сот процесін тәрбиелік мәнінен айыруы ықтимал.

ҚР ӘҚБтК- нің 653-бабында көрсетілгендей, сотқа құрметтемеушілік білдіру деген процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың істі одан әрі қарауы мүмкін болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен жалтар­уынан, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан, сондай-ақ сотты және судьяны құрметтемеушілік туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер ескерту жасауға, не жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа әкеп соғады.

Заң сот процесіне қатысушылардан мемлекеттік сот билігі институты ретінде сотты құрметтеуін талап етеді.

 

Ақкөл аудандық сотының бас маманы-

сот отырысының хатшысы

Қ.Едилипова

 

 

Дата публикации
20 мая 2022