Азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 14 бабына сәйкес: 14-бап. Сот ісін жүргізу тілі.

Азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады.

Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.

Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтініш хаты бойынша сот ұйғарымымен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы.

Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындау барысында талап қоюшының өз өкілі талап қоюшының өз өкілі талап қою арызы (арыз) берген тілді білмейтіні анықталса, онда сот талап қоюшының жазбаша өтініш хаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.

Іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа да тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен айғақтар беру, өтініш хаттар беру, шағымдар жасау, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сөз сөйлеу және осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.

Егерде  аталған арыздар сотқа мемлекеттік тілде  берілсе-іс сол тілде жүргізіледі.

Өкінішке орай жасыратыны жоқ сотқа келіп түсетін арыздардың, шағымдардың бірен-сараны болмаса, негізінен тек ресми тілде жазылады. Осы себепті істердің басым бөлігі ресми тілде жүргізіледі.

Сондықтан барлық мемлекеттік мекемелер қазақ тілінде іс жүргізуге үлкен мән беріп, арыздарды сотқа мемлекеттік тілде беру керек.

Туған тілімізді білу, оны ұрпақ санасына сіңіру, мемлекеттік деңгейде толыққанды қолдануын қамтамасыз ету әр азаматтың міндеті.

 

         Кеңсе меңгеруші                                                 Г.Мұздыбаева

Дата публикации
20 мая 2022