Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге
өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы:
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі,
Орналасқан жері: Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы
Көкшетау қаласы, Абай көшесі 96, Ақмола облысы аудандарының, Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалаларының кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органдары (кәсіпкерлік бөлімдері);
пошталық мекенжайы: 02000, Көкшетау қаласы, Абай көш. 96 ;
электрондық пошта мекенжайы: upp_msb@aqmola.gov.kz;
байланыс телефоны: 8 (7162) 24-00-15, 24-00-16, 24-00-14;
Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер:
Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 404 каб.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер электрондық пошта арқылы, көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2021 ж. «1» маусымдан бастап 2021 ж. «15» маусымға аралығында, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.30-ге дейін (жергілікті уақытпен)
Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2021 ж. «1» маусымнын сағат 10.00 (жергілікті уақытпен)
Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2021 ж. «15» маусым сағат 17.30 (жергілікті уақытпен)
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upp/press/news/details/371750?lang=ru сайтында танысуға болады.