Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы «Халықпен кездесулер өткізу туралы» № 826 Жарлығын және бекітілген кестені іске асыру мақсатында 2022 жылғы 6-15 сәуір аралығында ауданда 36 кездесу өткізілді, оның ішінде 9 аудан әкімінің қатысуымен, 27 ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен.
2022 жылдың 25 наурызында аудандық «Ақкөл Арайы» газетінде және аудан әкімдігінің сайтында кездесулер өткізу кестелері жарияланған.
Facebook, instagram әлеуметтік парақшаларында кездесулер өткізу уақыты туралы анонс алдын ала жарияланды. Әрбір елді мекенде халықтың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинауға арналған арнайы жәшіктер, барлығы 38 жәшік орнатылды.
Халықпен кездесулер өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізілді, оған 3 адам қатысты.
Кездесулерге барлығы 997 адам қатысты. 101 адам сөз сөйледі, 65 ұсыныс түсті.
Барлық 65 ұсыныс әлеуметтік сипатта болды, экономикалық және саяси сипаттағы ұсыныстар түскен жоқ.
Аудан тұрғындарын толғандырған негізгі мәселелер электрлендіру, газдандыру және телефондандыру – 16 (25%), білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын жөндеу және салу бойынша – 2 (3%), жолдарды жөндеу және салу бойынша – 11 (22%), жер мәселесі - 9 (14%), аббаттандыру, санитарлық тазалау және экология мәселелері бойынша - 4 (6 %) және басқа мәселелер бойынша – 23 (35 %).
Кездесу қорытындысы бойынша барлық 65 ұсыныс қаралып, 2 ұсыныс Ақкөл ауданы әкімінің кездесулері барысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді.
Аудан әкімінің есеп беру кездесулерінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы тоқсан сайын аудандық газеттерде және аудан әкімінің сайтында жарияланады.
Есеп беру кездесулерде облыс, аудан, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің атына сыни ескертулер айтылмады.
Аудандағы кездесулер ұйымдасқан түрде, бекітілген кестеге қатаң сәйкестікте өтті.