2022 жылы 24 сәуірде Ақкөл ауданының Наумов ауылдық округі әкімінің сайлауы бір округ бойынша өтті.
Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Ақкөл ауданының Наумов ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізігде сайлау нәтижелерін анықтады:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 753 азамат енгізілді, оның 633-і дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны - 5, «Бәріне қарсымын» деген жол белгіленген - 17.
Әр кандидатқа берілген дауыстар:
Репина Д.С. - 37; Фролов С.Н. - 34; Шәріпова З.К. - 540.
Наумов ауылдық округінің әкімі болып Наумов ауылдық округінің Наумов ауылында тұратын, «Ақкөл ауданының Наумов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, 1973 жылы туған Зәмзагүл Кәрімжанқызы Шәріпова сайланды.
Ақкөл аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы