Құрметті Ақкөл ауданының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын жүзеге асыру үшін 2022 жылғы 5 мамыр сағат 10.00-де Аудандық мәдениет үйі ғимаратында Ақмола облысының әкімі Е.Б.Маржықпаевтың Ақкөл ауданының халқымен кездесуі өткізіледі.

         Халықпен кездесу соңында 2022 жылғы 5 мамыр сағат 11.30-де Аудандық мәдениет үйі ғимаратында Ақмола облысының әкімімен азаматтарды жеке қабылдау  ұйымдастырылады.

Ақкөл ауданы әкімінің аппараты

Дата публикации
21 апреля 2022