Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Наумов ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:
- Ақмола облысы Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округіне әкімдікке кандидат болып, 1989 жылы туған, «Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Ақкөл ауданы Домбыралы ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Дарья Сергеевна Репина тіркелсін.
- Ақмола облысы Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округіне әкімдікке кандидат болып, 1980 жылы туған, «Ақкөл ауданы әкімдігінің «Smart Aqkol-2018» КММ, бөлім бастығы, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Сергей Николаевич Фролов тіркелсін.
- Ақмола облысы Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округіне әкімдікке кандидат болып, 1973 жылы туған, «Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Ақкөл ауданы Наумов ауылында тұратын, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақкөл аудандық филалымен ұсынылған Зәмзагүл Кәрімжанқызы Шәріпова тіркелсін.
Ақкөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
11 сәуір 2022 жыл
Дата публикации
11 апреля 2022