25.03.2022 1/3
Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бап, 8-1 тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2022 жылдың 24 сәуіріне Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылдың 24 сәуіріне тағайындалған Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-сайтында және аудандық «Ақкөл Арайы» газетінде жариялансын.
Ақкөл аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы А. Долгов
Ақкөл аудандық
сайлау комиссиясының хатшысы Д. Жетпісова