Ақкөл ауданы бойынша 2022 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына дизельдік отынның операторын анықтау және бөлу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережесі

5

 

№ 2 қосымша

аудан әкімдігінің қаулысы

«__» ____________ 2022 жыл

№ ______

 

 

Ақкөл ауданы бойынша 2022 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына дизельдік отынның операторын анықтау және бөлу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережесі 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Дизель отынын алу үшін дизель отынын жеткізу операторын анықтау үшін аудан әкімінің өкімімен аудан әкімдігінің өкілдерінен тұратын ауыл шаруашылығы бөлімі, «Атамекен» палатасы, «Нұр - Отан» партиясы, Қазақстан фермерлер одағы, агроөнеркәсіптік кешен субъектілері, басқа да салалық ұйымдармен жұмыс тобы құрылады.
  2. Топтың жұмыс органы ауыл шаруашылығы бөлімі болып табылады (бұдан әрі Бөлім).
  3. Бөлім жұмыс тобының құрамы мен ережелерін аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді. Өтініштерді қабылдаудың басталғаны және дизельдік отынын және қажетті құжаттар пакетін жеткізуге операторлардан өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы туралы хабарландыруды орналастырады.
  4. Операторлар келесі құжаттар тізбесін ұсынады:
  • зауытынан резервуар паркіне дейін жанар-жағармайды тасымалдауға арналған калькуляция (құнның калькуляциясы), резервуар паркінен және жанармай құю станциясынан өткізу бағасы көрсетілген дизельдік отынын операторының коммерциялық ұсыныстары.
  • бюджетке берешегінің жоқтығы туралы салық органдарынан анықтама.
  • осы саладағы өткен жылдар тәжірибесі туралы мәліметтер;
  • мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқтығы туралы банктен анықтама;
  • мүлікке ауыртпалықтардың жоқтығы туралы анықтама;
  • оператордың банктік шотынан ақша қаражатының бар-жоғы туралы үзінді көшірме немесе бөлінген дизель отынын толық көлемде сатып алуға жеткілікті сомада несие желісін ашу туралы ниет хаты;
  • меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде мұнай өнімдерін сақтауға және өткізуге арналған резервуар парктерінің болуы;
  • жанар-жағар май құю станцияларының болуы және талондық жүйе бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге үшін дизель отынын сату туралы келісім;
  • дала жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын шығаруға келісім-хат;

 

  • әлеуетті Оператор басқарманың талабы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің контекстінде дизель отынының сынамаларын іріктеу туралы ақпаратты беруге міндетті.
  1. Бөлім өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығына, дұрыстығына және Операторларға қойылатын белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және жұмыс тобының қарауына ұсынады.
  2. Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Жұмыс тобы қарапайым көпшілік дауыспен жоғарыда аталған критерийлердің әрқайсысына сәйкестігін ескере отырып, баллдық жүйе бойынша Операторды анықтайды.
  3. Дизель отынын жеткізу бойынша Операторлар тізіміне енгізуден бас тартқан жағдайда, бөлім отырыс өткізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде жарияланған қатысушыларға тиісті жауап береді.
  4. Бөлінген дизельдік отын көлемін бөлу ағымдағы жылдың 15 ақпанына дейін басқармаға берілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері бойынша жүзеге асырылады. Бөлім егіс алқаптарының дизель отынының мәлімделген көлемдеріне сәйкестігін тексереді.
  5. Облыс бойынша дизельдік отынның бөлінген көлемі тапшы болған жағдайда жұмыс тобы қолда бар көлемді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жалпы егіс алқабына пропорционалды түрде бөледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 февраля 2022