Наумов ауылдық округі әкімінің есеп беру тезисі

Құрметті Наумов ауылдық округінің тұрғыңдары!

 

Наумовка ауылдық округінде 372 аула бар, онда 1207 адам тұрады.

Ауылдық округ әкімінің аппаратымен халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізіледі, барлығы 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2021 жылы жеке және заңды тұлғалардан 3 жазбаша өтініш түсті. Барлық өтініштер түсіндірілді және қанағаттандырылды. 7 нотариаттық іс-әрекет жасалды. Бекітілген кестеге сәйкес шақыру комиссиясы мен шақыру учаскесіне шақыру жасына дейінгі жасөспірімдерді тіркеу жүргізілді, ҚР ҚК-не 3 адам шақырылды.

Наумовка ауылдық округі әкімі аппаратын 2021 жылға қаржыландыру көлемі 89 млн 771 мың 7 теңгені құрады. Нақты орындалуы 100% құрады.

Ауылдық округ бюджетіне түсімдер жоспары 2422,2 мың теңге болған жағдайда жеке және заңды тұлғалардан 3052,3 мың теңге салық түсті, орындалу пайызы 126% құрады.

2021 жылы демеушілік көмек 26 млн 533 теңгені құрады, «Хлебороб» ЖШС демеушілік көмегі есебінен жетекшісі Стихилас В. И.

Құрметті ауылдастар, 2021 жылы біз бірқатар мәселелерді шештік, соның ішінде:

- Наумовка ауылындағы көше жарығын ағымдағы жөндеу, 2,5 км көше жарықтандырылды;

Өрнек ауылындағы көше жарығын ағымдағы жөндеу, 600 м көше жарықтандырылды;

- Наумовка ауылындағы сумен жабдықтау объектісін күрделі жөндеу;

- Наумовка ауылындағы кентішілік автомобиль жолдарын ағымдағы және орташа жөндеу, кентішілік 5,3 км жол асфальтталды;

- Наумовка ауылында спорт алаңы, тренажерлер және басқа да спорт жабдықтары орнатылды;

- Өрнек ауылындағы кентішілік автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 4,1 км жолға себу және грейдерлеу жүргізілді, 9 су өткізу құбыры орнатылды.

-  Кемеркөл ауылындағы кентішілік автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 2,5 км жолға себу және грейдерлеу жүргізілді, 3 су өткізу құбыры орнатылды.

- Наумовка Мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, жылыту, электрмен жабдықтау жүйелері ауыстырылды, пандус орнатылды;

- Өрнек ауылында балалар ойын алаңы орнатылды.

Жыл бойы Ақмола облысы әкімінің және Ақкөл ауданы әкімінің қолдауымен, сондай-ақ ауылдық округ аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен мекемелер басшыларының бірлескен күшімен маңызды әлеуметтік проблемалар шешілді. 2022 жылға жоспарлар белгіленіп, оларға қол жеткізу үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.

 

Наумов ауылдық округінің әкімі З. Шәріпова

Дата публикации
21 января 2022