Еңбек ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінің тезисі
Еңбек ауылдық округі 3 елді мекенді біріктіреді. 01.01.2022 ж бойынша халықтың жалпы саны – 1034 адамды құрады: Еңбек – 840, Табиғат – 56, Рамадан-138. Ауылдық округінде 336 жеке үйлер: Еңбек – 277, Рамадан – 37, Табиғат – 22 жеке үйлер орналасқан.
Еңбек ауылдық округі әкімінің аппаратында халыққа 30 мемлекеттік қызмет көрсетілді, 40 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы. Ауылдық округ әкімімен апта сайын жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізіледі. Әкім аппаратына 5 өтініш келіп түсті, барлық өтініштер мерзімінде орындалды.
Округ аумағында ірі ауыл шаруашылық құрылымдары – «Еңбек» ЖШС және 17 шаруа қожалығы, сүт жинау бойынша «ӘКК» жұмыс істейді.
Ауылдық округінде 01.01.2022 ж. ірі қара мал - 403; қой мен ешкі – 694/31; жылқы – 287, шошқа – 151, құс – 3110 басты құрады.
Ауылдық округте 4 сауда орны жұмыс істейді.
2021 жылғы 14-16 шілде аралығында Еңбек ауылында «Jana Dala/GreenDay 2021» халықаралық мамандандырылған агрокөрмесі өткізілді. Осы көрмені өткізуге арналған платформаны К.Б. Рақышев ұсынды, Ақмола облысының әкімімен, Ауыл шаруашылығы министрлігімен, АгроИндустрия МК-мен келісілген.
Білімі, мәдениеті: биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған волейбол, футбол, көпсайыс бойынша спорттық іс-шаралар өткізілді. Біздің спортшылар барлық спорт түрлері бойынша бірінші орынға ие болды.
Халықты әлеуметтік қорғау: Аумақты абаттандыру бойынша қоғамдық жұмыстарға 12 адам тартылды (1 - Рамадан, 1 - Табиғат , 10-Еңбек). 2021 жылдың 01 қаңтарынан бастап 4 отбасы АӘК алды. АӘК желісі бойынша округ мектептерінде 8 адам тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. 2021 жылы 16 адам жұмысқа орналастырылды.
Үйде әлеуметтік көмек 3 мүгедекке және 6 жалғыз тұратын зейнеткерге көрсетіледі, 3 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, қысқы және көктемгі уақытта қарды тазалау және аумақты жинау бойынша көмек көрсетіледі.
Абаттандыру: Балалар ойын алаңына 1 777 600 теңге сомасына 3 элемент орнатылды. Жыл сайын көктемде гүл отырғызу, шөп шабу, аумақтарды жинау тұрақты негізде жүргізіледі.
Жолдар: Рамадан ауылындағы жолды ТКШ бөлімімен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қысқы жолдарды күтіп ұстау-мемлекеттік сатып алу порталы арқылы Рамадан а. «Каптаев» ЖК және Еңбек а. «Самал» ЖК шарттар жасалды.
Еңбек ауылдық округінде № 7 полицияның 1 учаскелік тірек пункті бар. Еңбек ауылында 115 бейнебақылау камерасы бар, оның ішінде Еңбек ОМБ, Киров ОМ, МСК, әкімдік, кіру-шығу жолдары бейнебақылаумен қамтамасыз етілген.
Еңбек ауылдық округінің әкімі А. Мусин