Ақкөл қаласы әкімінің есеп беру тезисі

                  Құрметті Ақкөлдіктер!

 

Қалалық, аудандық жергілікті атқарушы органдарының барлық жұмысы Мемлекет басшысы белгілеген республикамыздың экономикасын дамытуға арналған мәселелерді шешуге, мақсаттар мен міндеттерді орындауға бағытталған.

Бюджеттің төртінші деңгейін енгізуді іске асыру мақсатында 2021 жылға арналған қала бюджетінің кірістері мынадай «Салық түсімдерінің» көздері есебінен айқындалды:

- аудандық маңызы бар қала аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша - 9 706,0 мың теңге сомасындағы жеке табыс салығы;

- аудандық маңызы бар қала аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық - 1 491,0 мың теңге сомасында;

- елді мекендердің жерлеріне жеке және заңды тұлғалардан алынатын жер салығы - 13 655,0 мың теңге сомасында;

- аудандық маңызы бар қалада тіркелген жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық сомасы - 63 916,0 мың теңге.

Экономиканың маңызды элементтерінің бірі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.

«Бизнестің жол картасы 2020-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша туризм және спорт саласында «Скаут Тур» ЖШС пайдалануға берілді, жобаның қуаттылығы - бір уақытта 300 адам болатын «SCOUT GLAMP» Глэмпинг ашылды. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту (электр беру желілерін жүргізу) бойынша қолдау көрсетілген. Жыл басынан бері осы жобаның жұмыс істеуі үшін ЖШС-нің меншікті қаражатынан -100 млн. теңге салынды. 21 жұмыс орны құрылды.

         2021 жылғы шілдеде өз қаражаты есебінен «Ажар» қонақ үй - мейрамхана кешені, «Кәусар» ЖК пайдалануға берілді.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мақсатында 2021 жылы Ақкөл қаласында құрылыс кірпішін шығаратын «Арман Тас» ЖШС инвестициялық жобасы пайдалануға берілді, жобаның құны 300,0 млн.теңге, жобаның қуаты - айына 1500 мың дана. Технологиялық жабдықтар орнатылған өндірістік үй - жайлар салынды. Пеште күйдіру үшін 500 дана кірпіш өндірілді. Жұмыс орындарының саны - 42 адам.

Қалада әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлінуде.

2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған игі істер марафоны аясында мүгедектерге, көп балалы аналарға және табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға «Наурыз мейрамы» қарсаңында «Қазақстан Қызыл айы» - 25 мұқтаж отбасыға 625 мың теңге сомасына азық - түлік жиынтығы берілді. Қала әкімдігі 10 отбасына 50 мың теңгеге азық - түлік жиынтығын табыс етті.

         2021 жылдың мамыр айында «Ақкөл-Агро» ЖШС демеушілері 30 отбасыға 200 мың теңгеге азық - түлік жиынтығымен көмек көрсетті.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында, «Мектепке жол» республикалық акциясына сәйкес балаларды оқу жылының басына дайындау үшін 20 бірінші сынып оқушысына киім және кеңсе тауарларымен 474 650 мың теңге сомасында көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 145 көп балалы отбасыға 1 057 340,0 мың теңге біржолғы жәрдемақы төленді.

33 отбасыға 76 759,0 мың теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек төленді.

          

Құрылыс

 

         Қалада жаңа үйлердің, су құбырларының, кәріз желілерінің құрылысы жалғасуда. 2021 жылдың өткен кезеңінде қалада ауданы - 5 549 шаршы метр, Ақкөл орман шаруашылығында - 4, ауданы – 1 311 шаршы метр құрайтын 36 жеке үй пайдалануға берілді, ауданы - 448 шаршы метрде 17 үй қайта жоспарланды.

Иманов көшесі 18 - үй бойынша ауданы - 2 882 шаршы метр 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, пәтерлерді бөлу Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары арасында жүргізілуде.

                           

Инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

 

         «Ақкөл-Горкомхоз» ШЖҚ МКК коммуналдық кәсіпорнының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін 2021 жылы 47,2 млн.теңге сомасына 2 бірлік техника (экскаватор және «Фермер» УАЗ) сатып алынды.

Жылу беру маусымына дайындық және көмір отынды сатып алу мақсатында барлық қаржыландыру көздерінен 569,4 млн.теңге бөлінді.

«КРМЗ» қазандығына ағымдағы жөндеу - 97,1 млн.теңге, «КРМЗ» қазандығының жылу желілеріне ағымдағы жөндеу - 41,4 млн. теңге  сомасына жүргізілді.

Бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 11 жаңа қазандық дайындалды және орнатылды, қаланың 12 қазандығына, жылу трассасына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Өткен кезеңде Горная, Ш.Уәлиханов, НовоРудная көшелерінде 3 блокты -модульді қазандық орнатылды.  2021 жылы орталық жылуға қосымша 10 көппәтерлі тұрғын үй қосылды: Бигельдинов №72, 139, М.Мәметова көшесі 58, Ш. Уәлиханов көшесі № 87,89,91, Строительная көшесі № 8,10, Киров көшесі № 1/1, Горная көшесі 20А, барлығы 102 пәтер.

2021 жылдың өткен кезеңінде Ақкөл қаласындағы кәріз ағындарын сүзу алаңдарына 82 666,639 мың теңгеге, қаланың кәріз желілеріне - 65 723,561 мың теңгеге, Ақкөл қалалық округіндегі су құбыры желілеріне - 96 948,3 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.        

                 

Абаттандыру

 

         Абаттандыру бойынша іс-шаралар шеңберінде жол төсемдері мен тротуарларды тазалау, жиек тастарды әктеу, көгалдарды жинау, ағаштар мен бұталарды кесу, қурайды жою, ағаштарды әктеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Көктемгі - күзгі кезеңде жасыл желектер - 1500 көшет, 500 ағаш, жалпы ауданы 10000 шаршы метр гүлзарлар отырғызылды, гүл құмыралары орнатылды, көркем композициялар безендірілді.

Тұрақты негізде көгалдарды шабу жұмыстары жүргізілді.

Қаланың орталық көшелерінде жалпы ұзындығы 20 км астам жолға Нұрмағамбетов, Пушкин, Бигелдинов, Ш.Ұзақбаев көшелері бойынша жол белгілері орындалды, жаяу жүргіншілер өткелдері мен тұрақ алаңдары боялды. Ұзындығы 3,5км жауын - шашын кәрізін, жол бойындағы арықтарды тазарту жұмыстары жүргізілді.

Бюджет қаражаты есебінен қаладағы асфальт жабындысы бар көше - жол желісіне ағымдағы және шұңқырды жөндеу жұмыстары жүргізілді: Исаков - Мир көшелерінің қиылысы, ұзындығы - 1,308 метр, Спутник көшесі - 386 метр, Моншахтинская көшесі - 347 метр, Гагарин көшесі - 267 метр, Горная көшесі - 1,600 метр.

         Көшелер бойынша құрылыс материалдарын төсей отырып, жол төсемін пішіндеу жұмыстары жүргізілді: Мектеп-интернат шағын ауданы, Х.Ерғалиев, І.Жансүгіров, Исатай, Ш. Ұзақбаев, Первомайская, Төле би көшелеріне.

Парковая көшесі қиыршық тас төсемімен жол төсемін жөндеу, Құлагер көшесіне шығу үшін жол ашу жұмыстары жүргізілді.

Экологиялық сенбіліктер барысында «Birge-Taza Qazaqztan» бүкіләлемдік акциясы өткізілді, қалалық ҚТҚ полигонының аумағын, қалалық стадионға орман аймағын, СУС-10 орман алқабын, қалалық су жинау аумағын тазалау іс-шарасы өткізілді.

Нұрмағамбетов орталық көшесінде апта сайын «Таза бейсенбілік» өткізілді.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыз азаматтар қатарынан бригада күн сайын қала көшелерін қоқыстан, ал қысқы кезеңде қардан тазалауды жүзеге асырады.

Қоқысқа арналған 20 контейнер жасалып, орнатылды. 8 автобус автопавильонына косметикалық жөндеу жүргізілді. Ауданда екі жаңа контейнер мектеп-интернат, Пушкин көшесі (бұрынғы балабақша ауданы) дайындалып, орнатылды.

Қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға көп көңіл бөлінеді. Қалаға кіре берістегі және орталық алаңдағы шағын сәулет нысандарын, жасанды су қоймаларын (субұрқақтарды) жаңарту бойынша жұмыстар орындалды, қалалық билбордтарды, жол белгілерін, жол өткізгіштегі кескіштерді, көшені жарықтандыру бағаналарын бояу жүргізілді. Маңдайшалар, билбордтар, панно нормаларға сәйкес үнемі жаңартылып отырады.

         Қала тұрғындарын дене шынықтырумен және спортпен қамтуды ұлғайту мақсатында № 2 орта мектеп аумағында көпфункционалды спорт алаңы орнатылды.

         2021 жылдың өткен кезеңінде көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен 13 жиын өткізілді, онда санитарлық тазалау, тұрғын үйлерді жөндеу, жылыту маусымына дайындық, МИБ-н құру, балалардың ойын алаңдарын жөндеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

          2021 жылы Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша алға қойған міндеттерін іске асыру аясында «Ашық есік күні» азаматтарды бірыңғай қабылдау өткізілді. Тұрғындарды қабылдауды аудан, қала әкімдері, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық құқық қорғау органдарының басшылары жүргізді. Тұрғындардың қойған барлық сұрақтарына нақты жауаптар мен түсініктемелер берілді.

         Өткен кезеңде қала әкімі аппаратына азаматтардан 139 өтініш келіп түсті, оның 65 – і оң шешімін тапты, қалғандары бойынша ҚР жаңа Әкімшілік-рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде кеңестер мен түсініктемелер берілді.

         Қала әкімдігімен 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі: - жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру; Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; жер учаскесін жеке меншікке сату; жер учаскесін алуға кезекке қою.

2021 жылы 395 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қызметтер тегін көрсетіледі.

 

 

Ақкөл қаласының әкімі А. Кривицкий

 

Дата публикации
21 января 2022