Бос лауазым туралы хабарлама

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің аппараты                           «Ақкөл-Горкомхоз» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Ақкөл ауданы әкімінің аппараты жанындағы директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның мекенжайы: 020100, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Гагарин 31 көшесі, телефон нөмірі  8(716-38)5-02-22.

Кәсіпорынның негізгі қызметі: Ақкөл ауданының сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау және ҚТҚ шығару саласындағы тіршілікті қамтамасыз ету.

Негізгі функционалдық міндеттері: Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру жоспарлу және ретттеу. Жалпы және қаурыт мәселелерді шешу. Кәсіпорынның барлық бөлімшелері мен учаскелеріндегі жұмысқа басшылық жасау, кәсіпорын жұмысшылары арасында міндеттерді, нормативтік құқықтық актілермен уәкілді орган анықтаған өзгеде өкілдіктерді бөлу. Кәсіпорынның қаржылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру. Кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларын бекіту, кірісті ұлғайтудың жолдарын анықтау, жұмыс пен көрсетілетін қызметтің сапасын жетілдіру, кәсіподақпен және ұжыммен әлеуметтік әріптестік туралы келісім-шартқа тұру. Таза кірістің белгіленген бөлігін бюджетке уақытында аудару, ақпаратты мемлекеттік мүлік тізіліміне мерзімінде, сапалы тапсыру. Қаржыны, жұмыс күштерін, құралдар мен техникаларды тиімді пайдалану бағытында жұмысты ұйымдастыру. Шикізат материалдары мен жанар-жағар майлардың және отынның үнемді пайдаланылуына бақылау жүргізу. Кәсіпорын қызметкерлерінің өз лауазымдық міндеттерін жауапты орындауларын бақылау. Қызметкерлердің білім деңгейлерін жетілдіруді ұйымдастыру. Барлық құрылымдардағы техникалық  және еңбек  қауіпсіздігінің сақталуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру. Ұжым жұмысын, техникаларды жетілдіруді ұйымдастыру, өндіріс пен жұмысты оңтайлы ұйымдастырудың жаңа түрін енгізу. Қызмет көрсетулер мен жұмыстың қосымша түрлерін ұйымдастыруды шешу. Кәсіпорынды жаңа техникалармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелерін шешу.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары заңгерлік, экономикалық, техникалық, құрылыс, ауыл шаруашылығы білімі және мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің            2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурстық комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

конкурсқа қатысу туралы өтініш;

мемлекеттік және орыс тілінде түйіндеме;

еркін нысанда жазылған өмірбаян;

білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда), келісім-шарт, немесе соңғы жұмыс орнынан еңбек келісім-шартының тоқтатылуы туралы бұйрықтардың көшірмесі;

«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушылар өзінің біліміне, еңбек өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақ пен дәреже беру ғылыми басылымдар туралы, сондай-ақ, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтың ұсыныстары және т.б. көшірмелерін) қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Көрсетілген барлық құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ тұлғалар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаларды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Қажетті құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: 020100 индексі, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94, анықтама үшін телефон нөмірі:                            8(716-38)2-17-36, электрондық мекен-жайы: akkol_sup@aqmola.gov.kz.

Дата публикации
19 ноября 2021