Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 және 9-баптарына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.
  2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.
  3. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Ақкөл ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
  4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы

Б.Умербаев

      Ақкөл аудандық
мәслихатының хатшысы

Д.Салыбекова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақкөл ауданының әкімі



 

Ақкөл аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ С 65-2 шешіміне
1-қосымша

 Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

  1. Ақкөл қаласының Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 71 бойынша орналасқан аудандық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы орталық алаң.
  2. Ақкөл қаласының Пушкин көшесі бойынша орналасқан қалалық стадион.
  3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Ақкөл қаласының Сағадат Нұрмағамбетов көшесінің басынан аудандық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы орталық алаңға дейін.



 

Ақкөл аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ С 65-2 шешіміне
2-қосымша

 Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

  1. Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
  2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
  3. Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) Ақкөл қаласының Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 71 бойынша орналасқан аудандық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы орталық алаң, шекті толу нормасы 100 адам;

      2) Ақкөл қаласының Пушкин көшесі бойынша орналасқан қалалық стадион, шекті толу нормасы 100 адам;

      3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Ақкөл қаласының Сағадат Нұрмағамбетов көшесінің басынан аудандық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы орталық алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам.

  1. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.



 

Ақкөл аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ С 65-2 шешіміне
3-қосымша

 Ақкөл ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

       Ақкөл ауданында "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 9-бабының 5-тармағында көрсетілген объектілерге іргелес жатқан аумақтардың шекараларынан 200 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді.

Дата публикации
06 сентября 2021