Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Ақкөл ауданында мемлекеттік органдардың күш-жігерін үйлестіруді арттыру және азаматтар мен қоғамның құқықтары мен заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету арқылы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсаттарына қол жеткізу үшін Ақкөл ауданы әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрылып, жұмыс істеуде.
2021 жылғы 29 маусымда бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Жоспарға сәйкес «Ақкөл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ және «Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшыларының есептері тыңдалды. Берілген тапсырмалар хаттамамен рәсімделді.
Тиісінше, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының ұсынымдарына сәйкес нақты шаралар қабылдау, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін анықтау бойынша жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері негізінде тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, проблемалық мәселелерді талқылау жөнінде тапсырмалар берілді.
Ақкөл ауданында «Ақмола – адалдық алаңы» атты жоба іске асырылуда, ол үш міндетті шешуге бағытталған: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдайлар жасау; қоғамдық бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, бизнес-процестерді оңтайландыру, бюрократиялық кедергілерді жою, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау бойынша іс-шаралар жүзеге асырылатын болады. Жалпы, ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің жаңа тәсілдерінің нәтижесінде халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділігінің артқаны байқалады.
«Ақмола – адалдық алаңы» жобасын іске асыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру, қолжетімділік пен жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 12 шілдеде Ақкөл ауданы әкімдігі аппараты ғимаратының 1-қабатында «Сервистік әкімдік» қағидаты бойынша мемлекеттік органды ашық кеңістік форматына көшіру жұмыстары аяқталды.
Ақкөл ауданы әкімдігі бұл жобаны іске асырған алғашқы аудандардың бірі болып табылады. «Сервистік әкімдік» жобасының негізгі қағидаттары – мемлекеттік қызмет көрсететін органдарды бір жерде шоғырландыру және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау. «Сервистік әкімдік» азаматтармен тығыз байланыста жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Әкімшілік кедергілерді жою мақсатында аудан әкімінің азаматтарды қабылдау кабинеті 1-қабатқа орналастырылды. Сонымен қатар, «Сервистік әкімдікте» азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін аудан әкімі аппаратының кеңсесінен бір маман және халыққа кеңес беру үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінен бір маман орналастырылған.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері – білім беру, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салалары бойынша қызметтер мен кеңестер. 2021 жылдың 7 айында «Сервистік әкімдік» арқылы 116 мемлекеттік қызмет көрсетілді, олардың басым бөлігі мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру бағытында болды.
«Сервистік әкімдіктің» 1-қабатта ашылуы мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалардың қызметтер мен кеңестер алуына оң әсерін тигізді. Халықтың өз бетінше электрондық мемлекеттік қызметтер алуына қолайлы жағдай жасау мақсатында «Сервистік әкімдік» ғимаратында қажетті техникамен жабдықталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылды. Осындай жұмыстар ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын ашу арқылы жүргізілді, олардың көмегімен тұрғындар электрондық қызметтерді ала алады. Сонымен қатар, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттары базасында «Сервистік әкімдіктер» құру мүмкін емес. Себебі 8 ауыл әкімдігінің 6-уы жалға алынған ғимараттарда орналасқан. Ал қалған екі әкімдікте ғимараттың аумағы «Сервистік әкімдік» форматына көшіруге мүмкіндік бермейді.
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында олардың сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілді:
* ауылдық округтерде «E-gov» қолжетімділік бұрыштары ашылды;
* бұқаралық ақпарат құралдарында 58 түсіндіру материалы жарияланды (оның ішінде «Знамя Родины KZ» аудандық газетінде – 1, Facebook әлеуметтік желісінде – 57).
Сондай-ақ, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында, аудан мектептерінде және мемлекеттік қызмет көрсететін дербес бөлімдерде халыққа электрондық мемлекеттік қызметтер алу үшін компьютер, сканер, принтер, веб-камера және картридермен жабдықталған 13 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында азаматтарды қабылдау тұрақты түрде жүргізіледі. 2021 жылдың 7 айында аудан әкімі және оның орынбасарларының жеке қабылдауында 128 адам болды, оның ішінде 6 өтініш қанағаттандырылып, 122-сіне түсіндірме берілді.
Ең көп көтерілген мәселелер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қатысты – 49, тұрғын үй беру – 24, жер учаскелерін беру – 16.
2021 жылдың 7 айында Ақкөл ауданының мемлекеттік мекемелеріне барлығы 375 өтініш келіп түсті, оның ішінде 119-ы жеке тұлғалардан, 256-сы заңды тұлғалар өкілдерінен.
98 өтініш қанағаттандырылды, 230 мәселе бойынша жазбаша және ауызша түсіндірме берілді, 12 өтінішке бас тартылды, 2 өтініштің қаралуы тоқтатылды. Барлық өтініштер белгіленген мерзімдерді бұзбай қаралды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесін реформалаудың жаңа кезеңінде мемлекеттік қызмет саласында тәртіптік және әдептік бақылауды күшейтуге ерекше назар аударылуда. Бұл бағытта әдеп жөніндегі уәкілдің қызметіне айрықша рөл берілген. Халықпен кері байланыс орнату мақсатында сенім телефон нөмірі мен әдеп жөніндегі уәкілдің байланыс деректері өңірлік баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ ресми интернет-ресурстарда орналастырылды.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде арнайы мониторингтік топ бекітілген кестеге сәйкес «Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ, Жалғызқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты және Ақкөл ауданы Азат ауылы әкімінің аппараты қызметіне мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, мемлекеттік органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша талдамалық анықтамалар жасалды, оның қорытындысы бойынша 10 ұсыным берілді. Мемлекеттік мекемелер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыстары жалғасуда.
Ақкөл ауданының квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын үш мемлекеттік кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер құрылды: «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК, «Ақкөл – Горкомхоз» ШЖҚ МКК, «Ақкөл-Бассейн 2014» МКҚК (Ақкөл ауданы әкімдігі жанында).