Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
сайланған әкімдерді тіркеу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен 2021 жылдың 25 шілдесінде сайланған Азат ауылы, Жалғызқарағай және Кеңес ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.
1. Ақкөл ауданы Азат ауылының әкімі - Ыдырысов Самат Жолдаспайұлы;
2. Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округінің әкімі - Хасенов Қорықпай Құсатайұлы;
3. Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округінің әкімі - Қанатов Әлібек Сағатұлы.
Ақкөл аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы