Ауыл әкімдеріне кандидаттарды ұсыну нәтижелері туралы ақпарат
2021 жылғы 9 шілдеде сағат 18:00 ұсыну кезеңі аяқталды. Ақкөл ауданы бойынша барлығы 3 сайлау округіне 9 кандидат ұсынылды, оның 3 (33,3%) – саяси партиялар, 6 (66,7%) - өзін-өзіұсынған.
Саяси партиялар 3 округ бойынша кандидаттарды ұсынды: «Nur Otan» партиясы - 2 кандидат, ҚХП - 1 кандидат.
Орташа бәсекеге қабілеттілік 3,0 адамды құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтайтын барлық шаралар аяқталды.
Ағымдағы жылдың 9 шілдесіндегі жағдай бойынша барлық округтерде кем дегенде екі адам ұсынылды.
Ағымдағы жылдың 10 шілдесіндегі жағдай бойынша 9 үміткер тіркелген (100%).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 – бабы 9 – тармағына сәйкес, кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ресми ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы