Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
әкімдіккке кандидаттарды тіркеу туралы
хабарламасы
Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:
1. Ақмола облысы Ақкөл ауданы Азат ауылына әкімдікке кандидат болып, 1992 жылы туған, «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, Ақкөл қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Қылышпаев Олжас Қайырденұлы тіркелсін.
2. Ақмола облысы Ақкөл ауданы Азат ауылына әкімдікке кандидат болып, 1982 жылы туған, «Ақкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маман-бухгалтері, Ақкөл қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Хасенова Жанна Ивановна тіркелсін.
3. Ақмола облысы Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округіне әкімдікке кандидат болып, 1992 жылы туған, «Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Ақкөл аудандық білім бөлімінің №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ақкөл қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Тілеухан Арманбек тіркелсін.
4. Ақмола облысы Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округіне әкімдікке кандидат болып, 1994 жылы туған, «Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман-бухгалтері, Ақкөл қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Шүленбекова Дина Аманжолқызы тіркелсін.
5. Ақмола облысы Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округіне әкімдікке кандидат болып, 1988 жылы туған, «Ақкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маман, Ақкөл қаласында тұратын, «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филалымен ұсынылған Қанатов Әлібек Сағатұлы тіркелсін.
6. Ақмола облысы Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округіне әкімдікке кандидат болып, 1985 жылы туған, «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, Ақкөл қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Решевская Наталья Сергеевна тіркелсін.
7. Ақмола облысы Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округіне әкімдікке кандидат болып, 1989 жылы туған «Ақмола облысы Білім басқармасы Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің №2 жалпы білім беретін мектебі» ММ дене шынықтыру мұғалімі Ақкөл қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Садырбаев Тимур Серғұлыұлы тіркелсін.
Ақкөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
09.07.2021