2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер әкімдерінің 2021 жылғы қаңтар-ақпандағы халық алдындағы есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс шаралар жоспары

 

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер әкімдерінің 2021 жылғы қаңтар-ақпандағы халық алдындағы есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс шаралар жоспары

(Ақкөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 08 ақпандағы № А -2/32 қаулысы)

 

№

р/с

Іс-шаралар

 

Орындау мерзімі

Ескерту

1.       

Азат ауылында мәдени-спорттық кешен салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін ақшалай қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру

 

2021 жылғы

1 қарашаға дейін

Тапсырма орындалды.

2021 жылы Азат ауылында мәдени-спорт кешенінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 13,5 млн.теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді. Өткізілген байқау бойынша жеңімпаз болып «Astana-Project» ЖШС анықталды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

2.       

Ерназар-Наумовка жолын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін ақша қаражатын бөлу мүмкіндігін қарастыру

 

2021 жылғы

1 қарашаға дейін

Тапсырма орындалды.

2021 жылы Ерназар-Наумовка жолын күрделі жөндеу үшін мемлекеттік сараптама жүргізумен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 8,0 млн.теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген конкурсқа сәйкес жеңімпаз болып Көкшетау қаласы «Жол» ЖШС анықталды.

Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

3.       

Уәлиханов көшесі бойынша «Жылдамдықты шектеу» жол белгісін орнату мәселесін қарау

 

2021 жылғы

1 тамызға дейін

Тапсырма орындалуда

Қазіргі уақытта «Ястремский» ЖК-мен Ақкөл қаласында жол белгілерін дайындауға және орнатуға шарт жасалды.

Уәлиханов көшесінде «Жылдамдықты шектеу» жол белгісін орнату жұмыстары 2021 жылдың 1 тамызына дейін жүргізіледі.

 

 

Дата публикации
28 июня 2021