Ақкөл ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бап, 6) тармақша, 21-бап, 4) тармақ, 22-баптарына сәйкес, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылдың 25 шілдесіне Ақкөл ауданы бойынша
- Азат ауылының әкімі;
- Жалғызқарағай ауылдық округінің әкімі;
- Кеңес ауылдық округінің әкімінің сайлауы тағайындалсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Ақкөл ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар кестесі бекітілсін.
3. Осы қаулы Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-сайтында және аудандық «Ақкөл Арайы» газетінде жариялансын.
Ақкөл аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы А. Долгов
Ақкөл аудандық
сайлау комиссиясының хатшысы Д. Жетпісова
Ақкөл қаласы
25.06.2021
№22/3