Ақкөл ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бап, 6) тармақша, 21-бап, 4) тармақ, 22-баптарына сәйкес, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақкөл ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтері құрылсын.
1) Азат ауылының әкімі – Азат сайлау округі Азат ауылы шекарасында;
2) Жалғызқарағай ауылдық округінің әкімі - Жалғызқарағай сайлау округі Жалғызқарағай ауылдық округі шекарасында;
3) Кеңес ауылдық округінің әкімі – Кеңес сайлау округі Кеңес ауылдық округі шекарасында.
2. Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-сайтында және аудандық «Аққөл Арайы» газетінде аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін, сайлау округтерінің шекараларын көрсете отырып, округтердің тізімі жариялансын.
Ақкөл аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы А. Долгов
Ақкөл аудандық
сайлау комиссиясының хатшысы Д. Жетпісова
Ақкөл қаласы
25.06.2021
№ 22/2