Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Кеңес  ауылдық округі бойынша әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы  ХАБАРЛАМА

Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Кеңес  ауылдық округі бойынша әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы 

ХАБАРЛАМА

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы  №148 Заңының аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізу туралы 36-1-бабына сәйкес, келіп түскен  құжаттарды қарап, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы шешті:

 

Кеңес ауылдық округі бойынша әкімдікке кандидаттар ретінде  тіркелсін:

 

Тегі, аты,

 әкесінің аты

Туған

жылы

Атқаратын қызметі (кәсібі),             жұмыс   орны мен мекенжайы

Данилочкин

Иван Александрович

1988

басшы, «Ақкөл аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ, Ақкөл ауданының Ақкөл қаласында тұрады

Жақыпов

Ерлан Асқарұлы

1992

басшы, «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты»  ММ мемлекеттік қызметтер және ақпараттық технологиялар бөлімі, Ақкөл ауданының Ақкөл қаласында тұрады

Қанатов

Әлібек Сағатұлы

1988

бас маман,  «Ақкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, Ақкөл ауданының Ақкөл қаласында тұрады

 

Ақкөл аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                  А. Долгов

 

 

Дата публикации
18 мая 2021