Ақкөл аудандық мәслихаты депутатының мандатын беру және Т.Қ.Сиқымбаевты  мәслихат депутаты ретінде тіркеу туралы

11.05.2021         15/1                                                                        

Ақкөл аудандық мәслихаты депутатының мандатын беру және Т.Қ.Сиқымбаевты  мәслихат депутаты ретінде тіркеу туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы» Конституциялық Заңының 111-1-бабының 6-тармағына сәйкес және «Nur Otan»  партиясы Ақкөл аудандық  филиалы  Саяси Кеңесі Бюросының 2021 жылғы 06 мамырдағы №17PQ қаулысы негізінде Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.                Мәслихат депутаты Қ.И.Сексембаевтың өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты мандат Тілеуқабыл Құсайынұлы Сиқымбаевқа берілсін.

2.                 Ақкөл аудандық мәслихатының депутаты ретінде 1961 жылы туған, қазақ, «Красный бор» ОШМ КММ директоры, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұратын Тілеуқабыл Құсайынұлы Сиқымбаев тіркелсін және оған куәлік пен төсбелгі тапсырылсын.

3.                 Ақкөл аудандық мәслихатының депутаты Т.Қ.Сиқымбаевтың тіркелгені туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

                                                            

Сайлау комиссиясының төрағасы                                    А. Долгов

 

Сайлау комиссиясының хатшысы                             Д. Жетпісова

 

Дата публикации
11 мая 2021