Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Еңбек ауылдық округі бойынша әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізу туралы 36-1-бабына сәйкес, келіп түскен құжаттарды қарап, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы шешті:
Тегі, аты,әкесінің аты |
Туғанжылы |
Атқаратын қызметі (кәсібі), жұмыс орны мен мекенжайы |
|
Ворсин Михаил Юрьевич |
1980 |
басшы, «Ақкөл аудандық ТКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі» ММ, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласында тұрады. |
|
Дүйсекенов Азат Аманжолұлы |
1990 |
бас маман, «Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Ақкөл ауданы, Еңбек ауылында тұрады. |
|
Дүйсембаева Роза Сейсембайқызы |
1964 |
басшы, «Ақкөл аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласында тұрады. |
|
Мусин Асқат Есенғалиұлы |
1984 |
директор орынбасарының м.а., «Барап» ОШМ КММ, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласында тұрады. |
Ақкөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы А. Долгов
Комиссия хатшысы Д. Жетпісова