Кеңес ауылдық округінің шығып қалған әкімінің сайлауын тағайындау туралы

30.04.2021         14/1                                                                        

Кеңес ауылдық округінің шығып қалған әкімінің  

сайлауын тағайындау туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабы 10-тармақ,   2 тармақ  4 тармақшасынына сәйкес, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.                2021 жылдың 9 маусымына Ақкөл аудандық Кеңес ауылдық округінің шығып қалған  әкімінің сайлауы  тағайындалсын.

2.                Ақкөл аудандық Кеңес ауылдық округінің шығып қалған әкімінің сайлауына дайындық және  оны өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

3.                 Осы қаулы Ақкөл аудандық мәслихатына, Ақкөл аудандық әкімдігіне және облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

4.                Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

                                                            

Комиссия төрағасы                                                     А. Долгов

Комиссия хатшысы                                               Д. Жетпісова

 

 

Дата публикации
30 апреля 2021