Ақкөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 14/2 қаулысымен бекітілді
2021 жылдың 9 маусымына тағайындалған Кеңес ауылдық округінің шығып қалған әкімінің сайлауына дайындық және оны өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының назарына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау күні туралы хабарды жеткізу.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
(36-1 б., 3 т.)*
2. Әкімдікке кандидаттарды балама негізде жергілікті қауымдастықпен кеңескеннен кейін аумақтық сайлау комиссиясына тиісті әкімнің ұсынымы мен кандидаттардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімдікке кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініштерді беруі арқылы ұсыну.
Аудан әкімі.
Сайлау күнінен 30 күн бұрын – 2021 жылғы
10 мамырда басталады және сайлау күніне 25 күн қалғанда – 2021 жылғы 14 мамырда
сағат 18.00 дейін аяқталады.
(36-1 б., 3 т., 36 б., 1 т. )*
3. Таңдаушылардың тізімдерін жасау және оларды дауыс беруге арналған пунктте ілу.
Аумақтық сайлау комиссиясы тиісті
мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша.
(36-1 б., 10 т.)*
4. Әкімдікке кандидаттарды оған қойылатын талаптары бойынша анықтау, тиісті хаттамалар жасау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Үш күн ішінде
(36-1 б., 3 т., 36 б., 1 т.)*
5. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2021 жылғы 1 мамыр күніне табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.
Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).
Кандидат тіркелгенге дейін.
(36-1 б., 3 т.)*
6. Кандидаттарды тіркеу және тиісті куәлік тапсыру
Аумақтық сайлау комиссиясы
Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады
және дауыс беретін күнге 15 күн қалғанда – 2021жылғы 25 мамырда сағат 18.00 дейін аяқталады
(36-1 б., 6 т., 5 т., 2 т., 4т.)*
7. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілмен кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Кандидаттар тіркелгеннен кейін
7-ші күннен кешіктірмей. (36-1 б., 5 т., 1 т.)*
8. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.
Салық қызметі органдары.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы)
декларацияны тапсырған күннен
бастап 7 күннің ішінде.
(36-1 б., 3 т.)*
9. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Сенім білдірілген адамдардың
тізімдерін тіркеу үшін берген сәттен бастап.
(36-1 б., 7 т., 2 т.,)*
10. Кандидаттарға таңдаушылармен кездесулері үшін шарт негізінде үй-жайлар беру.
Кандидаттардың бөлінген үй-жайда таңдаушылармен кездесу кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Жергілікті атқарушы органдар және
жергілікті өзін-өзі басқару органдары.
Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы.
Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.
(36-1 б., 2 т., 1, 7 т.)*
11. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.
Әкімдікке кандидаттар, олардың
Сенім білдірілген адамдары. Кандидаттарды
тіркеу аяқталған күннен 2021 жылдың 25 мамырда 18:00 сағаттан кейін басталады
және сайлау күнiнiң алдындағы күнi –
2021 жылғы 8 маусымда жергілiктi уақыт
бойынша 00:00 сағатта аяқталады.
(36-1 б., 7 т.)*
12. Аумақтық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу.
Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.Кандидаттың тиісті аумақтық сайлау
комиссияларына өтініш жасаған сәтінен бастап
бір күнтізбелік күннің ішінде
(ҚР ОСК 2010 жылғы 19 тамыздағы № 7/8 қаулысы)
(36-1 б., 2 т., 7 т., 1 т.)*
13. Сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Кандидат тіркелгеннен кейін.
(36-1 б., 2 т., 7 т.)*
14. Дауыс беруге арналған пунктті ашу, тиісті хаттама жасау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда.
(36-1 б., 10 т.)*
15. Әкімнің сайлауын өткізу. Әкімді сайлау жөніндегі дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жария ету, әкімді сайлау нәтижелері туралы хаттама жасау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Бір күннің ішінде - 2021 жылғы 9 маусымда.
(36-1 б., 10 т.)*
16. Сайланған әкімді тіркеу. Шешімді жоғары тұрған әкімге және тиісті мәслихатқа ұсыну.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімде –
2021 жылғы 14 маусымнан кешіктірмей.
(36-1 б., 11 т.)*
17. Кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясына есеп беруі.
Әкімдікке кандидаттар.
Сайлау қорытындылары анықталғаннан
кейін 5 күннен кешіктірмей -
2021 жылғы 14 маусымнан кешіктірмей.
(36-1 б., 9 т.)*
18. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары және сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жариялау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
(36-1 б., 11 т., 2 т.)*
*Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы