Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу
үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу
үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың
шекараларын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 және 9-баптарына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.
3. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Ақкөл ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
4. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № С 65-2 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды белгілеу, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толымдылық нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды және Ақкөл ауданының аумағында пикет қоюды өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8316 болып тіркелген, 2021 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы аты-жөні
Ақкөл аудандық мәслихатының
2021 жылғы «__»_____________
№ ___________ шешіміне
1-қосымша
Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу
үшін арнайы орындар
1. Ақкөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1) Азат ауылы, Алаш көшесі, 4Б, орталық алаң;
2) Ақкөл қаласының Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 71, мекенжайы бойынша орналасқан аудандық Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы орталық алаң;
3) Ақкөл қаласының Пушкин көшесі бойында орналасқан қалалық стадион;
4) Домбыралы ауылы, Алаш көшесінде орналасқан ескерткіш-обелискінің алдындағы алаң;
5) Еңбек ауылы, Бейбітшілік көшесі, 37, мекенжайы бойынша орналасқан мәдени-спорттық кешеннің алдындағы алаң;
6) Жалғызқарағай ауылы, Жамбыл Жабаев көшесінде орналасқан обелискінің алдындағы алаң;
7) Қына ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 2, «Симбаев» ЖК әкімшілік ғимаратының алдындағы алаң;
8) Наумовка ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 19, мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң;
9) Новорыбинка ауылы, Павел Савельевич Стрельцов атындағы көшесі, 12, мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң;
10) Урюпинка ауылы, Кенесары көшесі, 66, мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң.
2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты:
1) Азат ауылы, Алаш көшесіндегі № 2 үйден Алаш көшесіндегі № 25 үйге дейін;
2) Ақкөл қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі бойымен №1 үйден аудандық Мәдениет үйі ғимаратының алдында орналасқан Орталық алаңға дейін;
3) Еңбек ауылы, Студенттер көшесі бойымен «Светлана» дүкенінен Еңбек орта мектеп-бақшасы ғимаратына дейін;
4) Домбыралы ауылы, Алаш көшесі бойымен, № 2 үйден ескерткіш-обелиск алдындағы алаңға дейін;
5) Жалғызқарағай ауылы, Орталық көшесі бойымен, №1 үйден № 35 үйге дейін;
6) Қына ауылы, Тәуелсіздік көшесі бойымен № 1 үйден «Айгүл» дүкеніне дейін;
7) Наумовка ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі бойымен №1 үйден ауылдық Мәдениет үйінің ғимаратына дейін;
8) Новорыбинка ауылы, Павел Савельевич Стрельцов атындағы көшесі бойымен № 2 үйден ауылдық Мәдениет үйінің ғимаратына дейін;
9) Урюпинка ауылы, Абылайхан көшесіндегі № 78 үйден Мұхтар Әуезов көшесінің қиылысына дейін.