Ақкөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
2021 жылғы 16 сәуірдегі
№ 10/2 қаулысымен бекітілді
2021 жылдың 26 мамырына тағайындалған Еңбек ауылдық округінің шығып қалған әкімінің сайлауына дайындық және оны өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының назарына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау күні туралы хабарды жеткізу.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
(36-1 б., 3 т.)*
2. Әкімдікке кандидаттарды балама негізде жергілікті қауымдастықпен кеңескеннен кейін аумақтық сайлау комиссиясына тиісті әкімнің ұсынымы мен кандидаттардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімдікке кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініштерді беруі арқылы ұсыну.
Аудан әкімі.
Сайлау күнінен 30 күн бұрын – 2021 жылғы
26 сәуірде басталады және сайлау күніне 25 күн қалғанда – 2021 жылғы 30 сәуірде аяқталады.
(36-1 б., 3 т., 36 б., 1 т. )*
3. Таңдаушылардың тізімдерін жасау және оларды дауыс беруге арналған пунктте ілу.
Аумақтық сайлау комиссиясы тиісті
мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша.
(36-1 б., 10 т.)*
4. Әкімдікке кандидаттарды оған қойылатын талаптары бойынша анықтау, тиісті хаттамалар жасау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Үш күн ішінде
(36-1 б., 3 т., 36 б., 1 т.)*
5. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2021 жылғы 1 сәуір күніне табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.
Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).
Кандидат тіркелгенге дейін.
(36-1 б., 3 т.)*
6. Кандидаттарды тіркеу және тиісті куәлік тапсыру
Аумақтық сайлау комиссиясы
Барлық қажетті құжаттар алынғаннан
кейін басталады және дауыс беретін
күнге15 күн қалғанда –
2021 жылғы 11 мамырда аяқталады.
(36-1 б., 6 т., 5 т., 2 т., 4т.)*
7. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілмен кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Кандидаттар тіркелгеннен кейін
7-ші күннен кешіктірмей. (36-1 б., 5 т., 1 т.)*
8. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.
Салық қызметі органдары.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы)
декларацияны тапсырған күннен
бастап 7 күннің ішінде.
(36-1 б., 3 т.)*
9. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Сенім білдірілген адамдардың
тізімдерін тіркеу үшін берген сәттен бастап.
(36-1 б., 7 т., 2 т.,)*
10. Кандидаттарға таңдаушылармен кездесулері үшін шарт негізінде үй-жайлар беру.
Кандидаттардың бөлінген үй-жайда таңдаушылармен кездесу кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Жергілікті атқарушы органдар және
жергілікті өзін-өзі басқару органдары.
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.
(36-1 б., 2 т., 1, 7 т.)*
11. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.
Әкімдікке кандидаттар, олардың
Сенім білдірілген адамдары. Кандидаттарды
тіркеу аяқталған күннен 2021 жылдың 11 мамырда 18:00 сағаттан кейін басталады
және сайлау күнiнiң алдындағы күнi –
2021 жылғы 25 мамырда жергілiктi уақыт
бойынша 00:00 сағатта аяқталады.
(36-1 б., 7 т.)*
12. Аумақтық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу.
Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.Кандидаттың тиісті аумақтық сайлау
комиссияларына өтініш жасаған сәтінен
бастап бір күнтізбелік күнніңішінде
(Қазақстан Республикасы Орталық
сайлау комиссиясының 2010 жылғы
19 тамыздағы № 7/8 қаулысы.
(36-1 б., 2 т., 7 т., 1 т.)*
13. Сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Кандидат тіркелгеннен кейін.
(36-1 б., 2 т., 7 т.)*
14. Дауыс беруге арналған пунктті ашу, тиісті хаттама жасау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда.
(36-1 б., 10 т.)*
15. Әкімнің сайлауын өткізу. Әкімді сайлау жөніндегі дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жария ету, әкімді сайлау нәтижелері туралы хаттама жасау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Бір күннің ішінде - 2021 жылғы 26 мамырда.
(36-1 б., 10 т.)*
16. Сайланған әкімді тіркеу. Шешімді жоғары тұрған әкімге және тиісті мәслихатқа ұсыну.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімде –
2021 жылғы 31 мамырдан кешіктірмей.
(36-1 б., 11 т.)*
17. Кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясына есеп беруі.
Әкімдікке кандидаттар.
Сайлау қорытындылары анықталғаннан
кейін 5 күннен кешіктірмей -
2021 жылғы 31 мамырдан кешіктірмей.
(36-1 б., 9 т.)*
18. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары және сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жариялау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
(36-1 б., 11 т., 2 т.)*
*Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы