2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер әкімдерінің 2021 жылғы қаңтар-ақпандағы халық алдындағы есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс шаралар жоспары

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер әкімдерінің 2021 жылғы қаңтар-ақпандағы халық алдындағы есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс шаралар жоспары

(Ақкөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 08 ақпандағы № А -2/32 қаулысы)

 

№

р/с

Іс-шаралар

 

Орындау мерзімі

Ескерту

1.       

Азат ауылында мәдени-спорттық кешен салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін ақшалай қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру

 

2021 жылғы

1 қарашаға дейін

Тапсырма орындалды.

2021 жылы Азат ауылында мәдени-спорт кешенін салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 13,5 млн.теңге ақшалай қаражат бөлінді. 2021 жылғы 25 ақпанда мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы байқау жариялады. Қазіргі уақытта байқаудың қорытындысы шығарылуда.

 

2.       

Ерназар-Наумовка жолын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін ақша қаражатын бөлу мүмкіндігін қарастыру

 

2021 жылғы

1 қарашаға дейін

Тапсырма орындалды.

2021 жылы Ерназар-Наумовка жолын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 8,0 млн.теңге ақшалай қаражат бөлінді. 2021 жылғы 11 ақпанда Ақкөл аудандық құрылыс бөлімі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жеңімпазды анықтау үшін байқау жариялады.Қазіргі уақытта байқаудың қорытындысы шығарылуда.

 

3.       

Уәлиханов көшесі бойынша «Жылдамдықты шектеу» жол белгісін орнату мәселесін қарау

 

2021 жылғы

1 тамызға дейін

Тапсырма орындалуда

Ауа райы қолайлы болғанда, мәселе шешіледі.

 

Дата публикации
29 марта 2021