«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

Хабарландыру

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

Тақырыбы: «БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері. Қызметтерді үйден шықпай-ақ қалай алуға болады?»

 

2021 жылдың 17 наурызы күні БЖЗҚ  «Ашық есік күнін» өткізеді   

 

Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметтердің 90% астамын онлайн форматта көрсетеді. Бұл салымшыларға қажетті қызметтерді кез келген жерде, қалаған уақытта алуға мүмкіндік береді.

БЖЗҚ мамандары электрондық сервистерді қолдануды енді қолға алған салымшыларға БЖЗҚ-ның сайтында да, мобильді қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен келесі қызметтерді қалай алуға болатынын көрсетеді: жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем тағайындауға берілген өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау және т. б.

Ниет білдірушілердің барлығының да іс-шара тақырыбы бойынша ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты өзге де сұрақтарға үйден шықпай-ақ  жауап алу мүмкіндігі болады.

«Ашық есік күні» онлайн-форматта 17 наурызда өтеді 10:00 с., 12:00 с. және 15:00 с. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек bit.ly/enpf-akm содан кейін event-мәжіліс нөмірін 184 410 5507 және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 1234

  

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары мен алушыларын, осы іс-шараға  қатысуға ниет білдірушілердің барлығын «Ашық есік күнінде» күтеді!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
15 марта 2021