Ақкөл ауданында
стационарлық емес сауда
объектілерін орналастыру
орындарын және маршруттарын
айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақкөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін және бекітілсін.
Ақкөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру маршруттары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю.В. Курушинге жүктелсін.
Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі
А. Қайыржанов
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық
сақтау комитеті Ақмола облысының
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Ақкөл аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ М.Г. Семеренко
«___» __________ 2021 жыл
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
Ақкөл ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Д.Қ. Омаров
«___» __________ 2021 жыл
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігі Ақмола облысының полиция
департаменті Ақкөл ауданының полиция
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ А. Б. Коспанов
«___» __________ 2021 жыл
Ақкөл ауданы әкімдігінің
2021 жылғы «___» ______________
№_____________ қаулысымен
бекітілген
Ақкөл ауданында
стационарлық емес сауда орындарының орындары мен бағыттары
|
№ |
Әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы |
Орналастыру орындары |
Ауданы |
Тауар түрі |
Мерзімі |
|
1 |
Ақкөл қаласы |
Шоқан Уәлихан көшесі, жексенбілік базар ауданы; Кирдищев көшесі, сапаржай ғимаратының оң жағындағы аумақ |
10 м2 3 орын
10 м2 3 орын |
Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар |
5 жыл |
|
2 |
Еңбек ауылы |
Студенттер көшесі, балалар алаңының жанында |
10 м2 3 орын |
Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар |
5 жыл |
|
3 |
Урюпинка ауылы |
Кеңесары көшесі, Ақкөл аудандық білім бөлімінің «Урюпин орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің қарама-қарсы аймағы |
5 м2 6 орын |
Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар |
5 жыл |
|
4 |
Қына ауылы |
Тәуелсіздік көшесі, 16 үйдің жаңы |
10 м2 10 орын |
Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар |
5 жыл |
|
5 |
Қарасай ауылы |
Ыбырай Алтынсарин көшесі, 6 үйдің жаңы |
10 м2 10 орын |
Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар |
5 жыл |
|
6 |
Сызды бұлақ ауылы |
Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 13 үйдің жаңы |
10 м2 5 орын |
Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар |
5 жыл |
|
7 |
Жылғызқарағай ауылы |
Г. Кирдищев көшесі, 13 үйдің жаңы |
5 м2 3 орын |
Азық-түлік емес тауарлар |
5 жыл |
|
8 |
Азат ауылы |
Алаш көшесі, орталық алаң аумағында |
5 м2 3 орын |
Азық-түлік емес тауарлар |
5 жыл |
|
9 |
Наумовка ауылы |
Ыбырай Алтынсарин көшесі, орталық алаңының ауданы |
45 м2 3 орын |
Азық-түлік емес тауарлар |
5 жыл |
|
10 |
Новорыбинка ауылы |
А. Б. Құсайынов атындағы көшесі, «Халық жері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарама-қарсы |
5 м2 3 орын |
Азық-түлік емес тауарлар |
5 жыл |
|
11 |
Домбыралы ауылы |
Алаш көшесі, бұрынғы наубайхана ғимаратының оң жағында |
10 м2 1 орын |
Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар |
5 жыл |
|
12 |
Малый Барап ауылы |
Нұр-Сұлтан - Щучинск автокөлігінің оң жағында |
10 м2 1 орын |
Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар |
5 жыл |
|
13 |
Кенес ауылы |
Жеке кәсіпкер «Алихан» ғимаратының сол жағында |
10 м2 1 орын |
Азық-түлік/азық-түлік емес тауарлар |
5 жыл |