Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Қарасай ауылдық округінің
сайланған әкімін тіркеу туралы
Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№10/1 ШЕШІМІ
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізу туралы 36-1-бабына сәйкес, аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 02 ақпанда өткен Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Қарасай ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамасы негізінде, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы шешім етті:
Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімі болып, 1988 жылы туылған, Зейб Юрий Викторович тіркелсін.
Ақкөл аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А. Долгов
Комиссиясының хатшысы Д. Жетпісова