Ақкөл ауданының әкімі А. Қ. Қайыржановтың «Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған негізгі міндеттері туралы» есебі
Өздеріңіз білетіндей, 2020 жыл жаңа әлеуметтік – экономикалық реформалардың іске қосу механизміне айналған оқиғаларға бай болды. 2020 жылдың бірінші қыркүйегінде жарияланған Қасым – Жомарт Тоқаевтың Жолдауы таяу болашақтағы жұмыс үшін бағдар болып табылады. Басты бағдарламалық құжатты іске асырудың маңызды индикаторы әлеуметтік көңіл-күй және адамдардың әл-ауқатын нығайту болып қала береді.
Ақкөл ауданының атқарушы органдарының барлық жұмысы экономикалық өсу қарқынын қамтамасыз етуге, сондай-ақ берік әлеуметтік кепілдіктер жасауға бағытталды.
Өткен жылы аудан дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің өсімінің оң серпіні байқалады.
Аудан аумағында 9 округ бар. Аудан тұрғындарының саны 25458 адамды құрайды, оның ішінде қалалық - 13829, ауылдық - 11629.
Өнеркәсіп
Өнеркәсіп өнімінің өндірісі 4,6 млрд. теңгені құрады.Бұдан әрі мәтін бойынша салыстырмалы талдау өткен жылдың ұқсас кезеңіне көрсетіледі.
Ұн өндірісі 1,7 есеге немесе 1124 тоннаға артты ("ImakTrade" ЖШС), ағымдағы жылы 2 708 тонна ұн өндірілді,жануарларға арналған дайын азықтар 113% - ға немесе 987 тоннаға ("Хлебороб" ЖШС, "Халықжер" ЖШС, "Үшбұлақ-2005" ЖШС), бу және ыстық су өндірісі 1,2 есеге өсті.
Ауыл шаруашылығы
Елбасы өз Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді еліміздің экономикасының драйвері ретінде дамыту қажеттігін де айтады.Аграрлық сектор Ақкөл ауданының үлкен әлеуеті бар.
Ауыл шаруашылығы аудан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 24 млрд.теңгені құрады, ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 114,6%.
138,4 мың га алқаптан дәнді дақылдар жиналды, жалпы жинау 166,4 мың тонна астықты құрады, орташа өнімділік 12 ц/га.
Аудан бойынша ірі қара мал саны 22 мың бас, қой мен ешкі саны 21,7 мың бас, жылқы 7,5 мың бас, құс саны 317,5 мың бас.
3 мың тонна ет, 15,5 мың тонна сүт, 60 млн. дана тауық жұмыртқасы өндірілді.
Есепті кезеңде 764,8 млн.теңге сомасына 10 бірлік жаңа жоғары өнімді техника мен жабдық сатып алынды.
Ауданда ет фермаларын құру бойынша индикативтік жоспарларды орындау шеңберінде 7 жоба іске асырылды, 307 млн. теңге сомасына 674 бас ІҚМ сатып алынды (Жалғызқарағай ауылдық округінің "Асхат" ШҚ, Қарасай ауылдық округінің "Шын" ШҚ, Кеңес ауылдық округінің "Аружан" ШҚ, Азат ауылының "Саясат Қолғанат" ШҚ, Қарасай ауылдық округінің "AkkolBeef" ЖШС, Урюпин ауылдық округінің "Алға" ШҚ, Қарасай ауылдық округінің "Даяна" ШҚ).
Салықтар және бюджетке
2020 жылдың есепті кезеңінде аудан бюджетіне 2016,6 млн. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе жоспарға 128,7 %, Ақкөл қаласы мен ауылдық округтердің жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне 60,4 млн. теңге немесе жоспарға 145,8% түсті.
Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 100% - ға орындалды, 9 млрд. теңгеден астам қаражат игерілді.
Кәсіпкерлік
1526 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оларда жұмыспен қамтылғандар саны 3,7 мың адамды құрады. 2020 жылы сауда, құрылыс қызметтері және туризм саласындағы нысандар ашылды.
221 сауда объектісі және 32 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны, 1 сауда базары жұмыс істейді.Бөлшек тауар айналымының көлемі 7,5 млрд. теңгені құрады, НКИ 100,7 %.
Инвестициялар және құрылыс
Индустрияландырушеңберіндеэкономикағаинвестициялартартунегізгі фактор болыптабылады. Аудан экономикасына салынған инвестициялар көлемі 7,4 млрд.теңгені немесе 100,1% құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 4,2 млрд. теңгеге орындалып, 8,3 мың ш.м. жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.
Инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Жергілікті билік органдары жұмысының маңызды бағыты тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуі болып табылады.
Бұлжылы суменжабдықтау, автомобиль жолдарындамыту.
Елдімекендердіорталықтандырылғансуменқамтамасызетуменқамтудыұлғайтумақсатында, ағымдағыжылы "Азатауылыныңсуменжабдықтаужүйесінқайтажаңарту"жобасыіскеасырылды.Ұзындығы 17 шақырымнан астам су құбыры мен тарату желілерінің құрылысы аяқталды. Нысан пайдалануға берілді.
"Степной – 4" шағын ауданында су құбыры желілерінің құрылысы аяқталды, қаражат толық игерілді, жұмыстар аяқталды.11,4 км су құбыры желілері салынды, бұл ЖТҚ-ның 242 учаскесін, көп қабатты құрылыс объектілерін және тіршілікті қамтамасыз ету мен әлеуметтік саланың басқа да объектілерін инженерлік желілерге қосуға мүмкіндік береді.
"Жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 136 млн. теңгеге 2 жоба іске асырылды, оның ішінде:
- Барап ауылында сумен жабдықтау жүйесін күрделі жөндеу (118 млн.теңге сомасына);
- Ақкөл қаласының сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу (24 млн. теңге сомасына).
Алты ауылдық елді мекенде су тегеурінді мұнараларды жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді: (Наумов, Кемеркөл, Урюпинка, Мало-Александровка, Жалғызқарағай, Радовка ауылдарында жалпы сомасы 29,8 млн. теңге), Урюпинка ауылындағы және Ақкөл қаласындағы су құбыры желілерін ағымдағы жөндеу, (жалпы сомасы-28,7 млн. теңге), Ақкөл қаласындағы кәріз жүйесін жөндеу (7 млн. теңге).
Осы жобаларды іске асыру есебінен 8 елді мекенде сумен жабдықтау жақсартылды, 8 км астам су құбыры желілері жөнделді.
Жылумен жабдықтау объектілерін дайындау, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, электр жарығы, елді мекендерді абаттандыру сияқты мәселелер біздің басты назарымызда.
2020-2021 жылдардағы жылу маусымына дайындық мақсатында "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы бойынша коммуналдық қазандықтар мен жылу желілерін жөндеуге (186,6 млн. теңге) қаражат бөлінді.
Осы қаражат есебінен 9 коммуналдық қазандыққа. Қазандық және сорғы жабдықтарын, тиек арматурасын, түтін тарту құбырларын жөндеумен жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, 90 пәтерді, 5 көппәтерлі тұрғын үйді орталық жылуға қосу бойынша көпжылдық проблемалық мәселені шешуге мүмкіндік туды: (М.Мәметова көшесі № 17, 19, 21, 23 және 25).
2020 жылдың маусым айында Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының "Восточный" шағын ауданында қазандық пен жылу желілерін қайта құру бойынша құрылыс жұмыстары басталды, мердігер "Камила" ЖШС». Жобаның жалпы құны 756 млн.теңге. Жұмыстар аяқталды. Орталық жылуға Нұрмағамбетов көшесіндегі № 9, 13 екі бес қабатты үйлер, барлығы 104 пәтер қосылған.
Сондай-ақ, қазандыққа қосымша үш қалалық қазандықтан бұрын жылытылатын объектілер қосылатын болады, бұл үш қазандықтың санын қысқартуға мүмкіндік береді (Аудандық мәдениет үйі, Нұрмағамбетова, № 1 балабақша).
Қазір қазандықтың жылытылатын алаңы 19 мың м2 астам құрайды, қайта жаңартудан кейін 41 мың м2 құрайды (Иманов көшесі 18, 20, Нұрмағамбетов көшесі №№ 3,5,7,9 және 13 КПТҮ бойынша 2 жаңа үй, аудандық сот, АМҮ, балабақша, кітапхана қосылады).
Ауданның 4 елді мекенінде 9,5 км көше жарығына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 58,5 млн. теңгеге, оның ішінде: Ақкөл қаласы 15,0 млн. теңге сомасына; Урюпинка ауылы 21,8 млн. теңге сомасына, Красный Горняк (Кеңес ауылдық округі) 7,8 млн. теңге сомасына, Еңбек ауылы 13,9 млн. теңге сомасына.
Республикалық бюджет есебінен "Жаңа Колутон-Ақкөл-Азат-Минск" облыстық маңызы бар жолды орташа жөндеу жөніндегі екі жылдық жобаны іске асыру бойынша жұмыстар басталды.
Жөнделетін учаскенің жалпы ұзындығы 69,5 км құрайды, ағымдағы жылы 55,5 км жөнделді. Жұмыстарды аяқтау 2021 жылға жоспарланып отыр.
"Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша Ақкөл қаласының асфальт-бетон жабыны бар көше-жол желісінің 3 шақырымын және аудандық маңызы бар 5 автомобиль жолын жөндеу бойынша жобалар іске асырылды: 95 км қиыршықтас-шағылтасжабынымен және 4,5 км асфальт-бетон жабынымен (221,4 млн.теңге сомасына).
Аудандық бюджеттен Жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінді: жол белгілерін салу, шешек өткелдерін сырлау, жол белгілерін жөндеу және ауыстыру; Ақкөл қаласының жолдарын шұңқырлы жөндеу (барлығы 16,2 млн теңге сомасына).
ШЖҚ "Ақкөл-Горкомхоз" МКК үшін КАМАЗ автокөлігі негізінде қоқыс тасығыш, вакуумдық автомобиль, тиегіш, автогрейдер сатып алынды.
Елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазарту аясында "Таза бейсенбі" санитарлық тазарту күндері тұрақты түрде өткізіліп, 3,8 мың тоннадан астам қоқыс пен қалдық шығарылды. Көшеттер мен гүлдер отырғызу, жасыл екпелерді суару, ағаштарды кесу, көгалдарды шабу, жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Ақкөл қаласында, Наумовка және Еңбек ауылдарында балалар ойын алаңдары орнатылды.
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
Әлеуметтік қызметтерді дамыту саласында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау белсенді саясаты дәйекті жүргізілуде.
Жұмыс іздеп 1053 адам жүгінді, 1036 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Өтініш білдіргендердің ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі 98,4% құрайды.954 тұрақты жұмыс орны құрылды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізілуде, оны іске асыруға 2020 жылы 116 млн. теңгеден астам бюджет қаражаты бөлінді.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен, қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету үшін курстарға 48 адам жіберілді.
Бағдарламаның "жаппай кәсіпкерлікті дамыту" екінші бағыты бойынша 60 адам "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды».
Бағдарламаның 25 қатысушысы жалпы сомасы 91 млн. теңгеге шағын несиелер алды, 19 адам сомасы 8,8 млн. теңгеге гранттар алды.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 37 адам жіберілді, ақылы қоғамдық жұмыстарға-177 адам, жастар тәжірибесіне-41 адам.
Атаулы әлеуметтік көмек жалпы сомасы 12,3 млн. теңгеге 307 адам санымен 64 отбасына тағайындалды.
Білім
Білім берудің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері-Мемлекет басшысы Жолдауында ерекше назар аударатын тағы бір маңызды мәселе.
Білім беру жүйесінде есепті кезеңдегі барлық жұмыс Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, сапалы білім беру қызметтерін ұсынуға бағытталды.
Ауданда 24 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 27 мектеп жұмыс істейді, онда 3985 оқушы оқиды.
Білім беру саласында цифрландыру бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні ауданның барлық мектептері Интернет желісіне 100% қолжетімділікке ие. "Күнделік "бірыңғай ақпараттық жүйесіне ауданның 27 білім беру ұйымы қосылған, бұл 100% құрайды.
Сонымен қатар, Ақкөл ауданының мектептері "Bilimland" білім беру порталына қосылған және on-line режимінде жұмыс істейді.Ауданның 8 мектебі робототехника элементтерімен жабдықталған, осы мектептерде "Робототехника"элективті курсы енгізілген.
Аудан мектептерінің барлық педагогтары мен оқушылары компьютерлік техникамен және интернетпен қамтамасыз етілген. Білім бөлімі қашықтықтан білім алатын мектеп оқушылары үшін 260 роутер, 109 компьютер сатып алды.
Есепті кезеңдеЕңбек ОМ, Новорыбинка ОМ 270 млн.теңгеден астам сомаға күрделі жөндеулер жүргізілді; ауданның 12 мектебінде 200 млн. теңгеден астам сомаға ағымдағы жөндеулер жүргізілді (№1 ОМ, №3 ОМ, им. Горький атындағы ОМ Кирдищева, № 2 АСШ, №4 АСШ, Искровка ОМ, Азат ОМ, Одесса ОМ, кеңес ОМ, Наумовка ОМ, Урюпин ОМ).
Барлық білім беру объектілері 100% видионды қадағалау жүйелерімен қамтамасыз етілген. Балаларға қосымша 1 мектеп автобусы сатып алынды.
2019 жылғы ҰБТ - ға 113 түлек қатысты. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 57% құрады.
Денсаулық сақтау
Халыққа медициналық көмекті аудандық аурухана көрсетеді. Ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана бар.
Ауылда 5 дәрігерлік амбулатория, 21 медициналық пункт дәрігерлік көмек көрсетеді. Аудандық орталық ауруханада 48 дәрігер және 160 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда.Аудан бойынша қан айналымы жүйесі аурулары (591-ден 585 жағдайға дейін) және турберкулез (11-ден 7 жағдайға дейін) азайды).
2020 жылдың 11 айында короновирустық инфекциядан күдікпен 424 науқас емделді, оның ішінде провизорлық бөлімшенің стационарында - 390 науқас емделді.
Мәдениет және спорт
Ауданда 20 кітапхана және 9 клуб мекемелері жұмыс істейді. Барлық мәдениет объектілері телефон жабдықтарымен және компьютерлермен жабдықталған.
Клуб кәсіпорындары 674 іс-шара өткізді.
Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысушылар республикалық, облыстық фестивальдар мен конкурстарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
"Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы" бағдарламасы аясында 148 млн. теңге сомасына, Еңбек ауылындағы мәдени-спорт кешеніне күрделі жөндеу жүргізілді. Урюпинка ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын ағымдағы жылда жөндеу, аудандық кітапхана ғимаратын ішінара жөндеу.
2020 жылы аудандық кітапхана Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кітапханалар арасында өткен "Рухани қазына" фестиваліне Абай және Новорыбин ауылдық кітапханасы қатысты. Фестиваль қорытындысы бойынша "Аудандық маңызы бар үздік кітапхана", "Ауылдық маңызы бар үздік кітапхана" номинациялары бойынша I дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Ақкөл ауданы бойынша дене шынықтыру және спорт саласында 71 адам жұмыс істейді, 118 спорт нысаны бар. 7 523 адам спортпен шұғылданады. Бұл аудан халқының жалпы санының 29,6% құрайды.
Жыл сайын аудан спортшылары барлық облыстық спартакиадаларға қатысады.Қысқы спорт түрлері бойынша облыстық спартакиада қорытындысы бойынша аудан бесінші жалпыкомандалық орынға ие болды.
Туризм
Бүгінгі таңда ішкі туризм және демалыс саласындағы қызметтер нарығында лайықты көрініс табу үшін барлық мүмкіндіктер бар. Аудан аумағында қонақ үй кешені 12 орналастыру объектісімен ұсынылған, 7 мейрамхана, 7 жол бойындағы сервис нысаны және 11 ЖҚС бар, 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында орналастыру объектілері 28 млн. теңге көлемінде қызмет көрсетті, келушілер саны 3000 адамнан астам.
Қоғамдық тәртіп
Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді орындай отырып, ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аудан аумағында 225 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 10 құқық бұзушылыққа немесе 4,3% - ға аз.
Жалпы аудандағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.
2021 жылға және одан кейінгі жылдарға арналған басымдықтар мен міндеттер
2020 жылы жасалғанның бәрі болашаққа сеніммен қарауға құқық береді. Бұл жаңа жоспарлар мен жобалар үшін берік іргетас. Оларды іске асыру мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау үшін жүргізіледі.Атқарушы билік 2020 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін орындау, бюджет қаражатын толық және сапалы игеру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады.
Агроөнеркәсіптік кешен экономиканың негізгі және стратегиялық секторларының бірі болып қала береді. Саланы дамыту перспективалары ауданда фермалар мен бордақылау алаңдарын құруды ескере отырып, мал шаруашылығы өнімдері өндірісін ұлғайтуға бағытталған.
Қазіргі уақытта ауданда агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы белсенді қарқынмен іске асырылуда. Оған сәйкес 2021 жылы ет және сүт фермасын құру бойынша 2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Жалпы сатып алынатын мал басы 470 млн. теңге сомасына 350 бас ІҚМ құрайды:
"К и БИМ" ЖШС 70 млн. теңге сомасына қуаты 150 бас қазақ ақбас тұқымды ірі қара малды өсіру жөніндегі ет фермасын ұйымдастыру;
"Ақкөл АГРО" ЖШС 400 млн.теңге сомасына қуатты 200 бас сүт-тауар фермасын салу бойынша жоба.
"Еңбек" ЖШС қуаттылығы 1200 бас голштино-фриз тұқымды сүт-тауар фермасын салу бойынша ұзақ мерзімді жобаны іске асыру жалғасады.
Алдағы жылы Мәдениет және спорт саласына көп көңіл бөлінеді. Ауылдық мәдениет үйлерін, Ақкөл қаласындағы мәдени демалыс орталығын, қалалық орталық стадионды жөндеу жоспарланған.Азат ауылында МСК салу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, Ақкөл қаласындағы қалалық саябақты күрделі жөндеуге, Ақкөл қаласында мәдени-спорт кешенін салуға, Новорыбинка спорт залын күрделі жөндеуге қаражат бөлінді.
Ауданның автомобиль, кентішілік және кентаралық жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізуді жалғастыру жоспарлануда.
2020 жылы 2021 жылы іске асыру мерзімімен 245 пәтерлі үйдің құрылысы басталды. Ақкөл қаласында тағы 60 пәтерлі екі үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Өрнек, Талқара, Амангелді, Домбыралы, Кеңес ауылдарындағы су құбыры желілерін қайта жаңартуға ЖСҚ әзірленуде.
Абаттандыру жұмыстары қала мен ауылда өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталатын болады: жаңа аула ойын алаңдары орнатылады, қала тұрғындары мен ауыл тұрғындарының демалуы үшін скверлер салынады.
Коммуналдық шаруашылық одан әрі дамытылады, "Ақкөл Горкомхоз"мамандандырылған техникасымен жарақтандыру жөніндегі мақсатты жұмыс жалғастырылады.
Ақкөл қаласы мен аудан ауылдарында су құбыры және кәріз желілерін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және олардың кірістерін ұлғайтуға шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі дәйекті жұмыс, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысу бағытталатын болады.
Біздің ауданымыз ие болған жоғары зияткерлік және еңбек ресурстарының, үлкен экономикалық және рухани әлеуметтің арқасында өңірдің алдында тұрған барлық міндеттер орындалатын болады.