Наумов ауылдық округі әкімінің есеп беру тезисі
Наумов селолық округінде 370 аулада 1161 адамдар тұрады.
Селолық округ әкімі аппаратымен халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс өткізіледі, барлығы 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2020 жылғы жеке қабылдауда заңды және жеке тұлғалардың түскен өтініштері – 2. 30 нотариалдық әрекеттер жасалынды, Бекітілген кестеге сәйкес, шақыру комиссиясына және әскери қызметке дейінгі жастағы жас жігіттерге шақыру учаскесіне шақырылды, ҚР Қарулы Күштеріне 3 адам шақырылды.
Наумов селолық округ әкімі аппаратының қаржы көлемі 57 млн 931 мың теңге болды, толық көлеімімен орындалды.
Ауылдық округ бюджетіне түсімдер жоспары 2006,0 мың теңге болған жағдайда жеке және заңды тұлғалардан 2966,5 мың теңге салық түсті, орындау пайызы 147,9% құрады.
2020 жылы жылы демеушілік көмек 26 млн теңге, «Хлебороб» ЖШС - басшы Стихиляс В.И. демеушілік көмегімен.
Құрметті ауылдастар, 2020 жылда белгілі бірқатар мәселелердің шешімін таптық, сондай-ақ:
- облыстық бюджет есебінен Наумовка және Кемеркол ауылдарында жаңа су мұнаралары орнатылды;
- облыстық бюджеттен берілген кредиттер есебінен Өрнек ауылына дейінгі жолға ағымдағы жөндеу жүргізілді;
- Наумовка ауылында аудандық бюджет есебінен балалар ойын алаңы орнатылды;
ауылдық округ аумағында орналасқан мәдениет объектісін қолдау жөніндегі әлеуметтік жобаны іске асыру шеңберінде "Хлебороб" ЖШС демеушілік көмегі есебінен Наумовка ауылдық мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жүргізілді;
ауылдық округ жолдарын күтіп ұстау жөніндегі әлеуметтік жобаны іске асыру шеңберінде "Хлебороб" ЖШС демеушілік көмегі есебінен Наумовка ауылының ішкі кенттік жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізілді, қысқы кезеңде жолдарды күтіп ұстау;
Жыл бойы Ақмола облысы әкімінің және Ақкөл ауданы әкімінің қолдауымен, сондай-ақ ауылдық округ аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен мекемелер басшыларының бірлескен күшімен маңызды әлеуметтік проблемалар шешілді. 2021 жылға жоспарлар белгіленіп, оларға қол жеткізу үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.
З.Шәріпова, Наумов ауылдық округінің әкімі